bookmate game
kk

William Shakespeare

    Акмарал Курмангазыкызыдәйексөз қалдырды8 ай бұрын
    Өліп-өшіп сүйген де азап.

    Өліп-өшіп жек көрген де азап.

    Екеуі де ессіздік пен соқырлық.

    Бос азап пен құр ермек.
    Гульгасыр Жаксылыкдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Клавдий — Дат елінің королі.
    Гамлет — Бұрынғы корольдің ұлы, бүгінгісінің немере інісі.
    Полоний — Корольдің бас кеңесшісі.
    Горацио — Гамлеттің досы.
    Л а э р т — Полонийдің ұлы.
    Вольтиманд-
    Корнелии - Сарай қызметшілері.
    Розенкранц
    Гильденетерн —Гамлеттің баяғы, университеттегі жолдастары.
    О з р и к — Тоғышар
    Т а қ у а
    М а р ц е л л
    Бернардо офицерлер
    Франциско — солдат
    Рейнальдо — Полонийдің малайы.
    Әртістер
    Екі қабірші
    Гамлет әкесінің әруағы.
    Фортинбрас — Норвегия ханзадасы.
    Капитан.
    Англия елшілері.
    Гертруда — Дат елінің королевасы, Гамлеттің шешесі.
    Офелия — Полонийдің қызы.
    Лордтар, бикештер, офицерлер, солдаттар, матростар, шабармандар, нөкерлер.
    b4457711790дәйексөз қалдырды4 ай бұрын
    Өлмек пе, қалмақ па — ендігі сауал екі ұдай.
    Өмір, өлім — арпалыс. Татар дәмім
    Таусылды деп бас ием бе тағдырға,
    Әлде мынау қасіреттің селімен
    Жан шыққанша жағаласып, бұлардың
    Бітірсем бе істерін? Өлмек. Ұмыт болмақ.
    Үзіп тастап ой-арманның арқауын,
    Тәнге тәуел азап-сордан арылмақ.
    b4457711790дәйексөз қалдырды4 ай бұрын
    Төзбес еді-ау жан баласы жалғанда
    Масқарадай мазағына ғасырдың;
    Көнбес еді жебір мықты жегенде,
    Қорлағанда тоғышарлар, мансаптар,
    b4457711790дәйексөз қалдырды4 ай бұрын
    Кісі еместер кісілерге күлгенде —
    Көнбіс жандар көнбес еді-ау осылардың бәріне
    Өз тағдырын бітіре алса оп-оңай
    Бір-ақ салып қанжарды! Қалай пенде
    Келіспесін мынау жалған дүниеде
    Күнелтпекке ит-қор жаны қалжырап, —
    Белгісіз ғой о дүниеде не бары,
    Бөтен жақтан қорқады ғой байғұстар, —
    Кеткендердің қайтып келген бірі жоқ,
    Сыры жұмбақ сыртқа қарай қашқанша.
    b4457711790дәйексөз қалдырды4 ай бұрын
    Тәуекелің, гүлдей солып, таусылмақ.
    Тап осылай бастапқы серт серпінді,
    Түк татырмай, амалсыздан өледі,
    Соза берсең аяғын. Жә, жарайды!
    Офелия! Ақ періште! Менің күллі күнәмды
    Қосып оқы дұғаңа.
    Офелия.
    b4457711790дәйексөз қалдырды4 ай бұрын
    кеңді шаққан әп жылан
    Әкең тәжін киіп отыр басына.
    b4457711790дәйексөз қалдырды4 ай бұрын
    Гамлет.
    Уа, көк пен жер! Тағы нең бар?
    Дозақ па әлде? Сап, сап, жүрек, шыдап бақ!
    Аяқтарым, тік тұрыңдар бүгілмей!
    Есте сақта дедің-ау?.. Есім барда сақтармын
    Быт-шыт болған мынау шардың ішінде.
    Сорлы Әруақ, есте сақта дедің-ау?
    Тақтасынан зердемнің сезінудің
    Бар белгісін сүртемін; барлық сөзін кітаптың
    Естегімнің тамам бейне, таңбасын, —
    Бала кезден байқағанның күллісін,
    Өшіремін. Жалғыз сенің жарлығыңа бағынып
    Еш қоқыссыз, мидың барша кітабын
    Том-том күйі түгел жазып түгесем.
    waikikishдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Көздің жасын көл етпек, арып-тозбақ,
    Тағы сондай тақсіреті азаның
    Жан күйімді жариялап бере алмас,
    Көп әбігер көрінбектің тәсілі.
    Ол рольді ойнап шығу оңай-ақ,
    Қайғым сыртқа көрінбейді көз бояп.
    Ол тұншығар көлгірсуге төзбей-ақ.
    waikikishдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Г а м л с т.
    Көкірегімнің көзінде.
    Горацио.
    Көргем оны бір мәрте: Сұлу король.
    Гамлет.
    Шын мәнінде нағыз адам еді ғой.
    Ондай жанды көре алмаспын енді мен!
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды