uk

Әбіш Кекілбаев

  • Руслан Рысқұлбекұлыhas quoted2 years ago
    Қазыбектің бұдан былайғы сөзін ести алмады. Екі құлағы бітіп қалды. Көзінің астын топан көміп бара жатқандай бұлдырап барады. Әйтеуір әлгі баурай-баурайды түгел толтырып тұрған нөпір аламанның әлденені айтып күркірегенін біліп отыр, әлгінде ғана алдында сұлқ салбырап тұрған қыл шашақтардың тұнық аспанды сабалап желк-желк желпініп жатқанын көріп отыр. Сол бір қаһарлы айқай тынар емес, сол бір дүрлігіс басылар емес. Бір уақытта қолдарына көл-дария өре киіз ұстап, іштерінде қанжығалы Бөгенбай, қара керей Қабанбай, тама Есет, әлім Бақтыбай, ошақты Саңрық, керейіт Тайлан, шөмекей Киікбай, үйсін Ақтамберді, Қалдыбай, керей Сырымбет, тілеу Орыс, адай Шотан, атығай Құлсары, Қыпшақ Шақа, сары жетім Бұданбай бар, қарақұрым қол алдына келіп, тістері ақсиып бірдеңе деді. Қапелімде орнынан тұра алмай қалған Әбілқайырдың бір қолтығынан арғын Жәнібек, бір қолтығынан табын Бөкенбай демеп өре киізге алып келді.
    Сол-ақ екен бір алып ақ самұрық құс оны аспанға көтеріп әкетті. Біресе шырқыратып шыңға шығарып әкетеді, біресе құлдилатып әлгі қара нөпірдің үстінен түсіреді. Жұрт ауыз жаппай әлдене айтып жатыр.
  • b2342109012has quotedlast year
    Сонда мұның атын алқалы жиында айқайлап айтар бір игі жақсының табылмағаны ма?
  • Жазира Темирбековаhas quotedlast year
    Бір мың жиырма үшінші жыл басталмай жатып, Ойрат жағы қайта жанданды. Жетісудың ен майсасына аунап-қунап денелері жайылып қалған немелер қазақтың қалған өлкелеріне көз аларта бастады.
  • алия нуржанбаеваhas quoted2 years ago
    . Ауық-ауық қолын қабағына апарып, ілгері жаққа көз тастайд
  • алия нуржанбаеваhas quoted2 years ago
    Сұлтан, бұл жолға аң қарай шығыпсыз. Сұлтан аңшының есіл-дерті – ойдан қырға жүгірген төрт аяқты тағы ғана емес шығар. Қол астындағы халықтың қамы мен замананың аңғары сейіл құрып келе жатса да, есінен шыға қояды дейсіз бе? Оның үстіне қара сүйек қаңғыма емес, ел ұстаған азаматтың әр қадамына аруақ екеш аруақ та тітіркеніп жатпайды дейсіз бе? Олар да манағы бейуақта бейсаубат жүргеніңізге орындарынан бір-бір аударылып, өзіңіз ойлаған халық пен замана қақында бір тұспал жасағылары келген бодар. Ендеше, әуелі суат басында судыраған қамыс ішінде жолбарысқа кезіксеңіз, ол баяғы халқыңыздың жүрек жұтқан арда кезі шығар. Ол заманда ол кімнен тайсалушы еді, неден тайсалушы еді. Артынан арсылдаған қасқыр боп, өзіңізге тап берсе, оның да жөні бар секілді. Жан-жағынан тап-тап берген сұғанақ жау көбейсе, тайсалмас батырың да қаны қарайып, көзіне қан толып, ызасына мінбей ме? Ызақор мақұлқат ажалына қарсы шабатын жанықас боп келмей ме? Еліңізде де тап сондай ақикөз кезі күні кеше еді ғой. Енді, ашуға мініп айбат шегіп те ештеңе бітіре алмағасын қырық бұлтаққа салар қызыл түлкінің кебін кимей, қайтеді? Онысынан да ештеңе шықпаса, құрт-құмырсқаға айналып, тоз-тоз болып тозып кетуден басқа жолы қалды ма? Құрт-құмырсқадан қайтадан қызыл түлкіге айналғаны, халқыңыздың қанша құқай көрсе де, келешегінен күдерін әлі үзе қоймағаны ғой. Елге жөн сілтейтін азаматқа жол көрсетер аруақ болмайды дейсіз бе? Дырду қуған әнші-жыршының да, қызыл қанды судай ағызар қырғын майдан, жанжал-шайқас іздеген сойқан батырдың да, түн жамылып жылқы торитын қара сойыл жортуылшының да тілдіде бір пірі, тілсізде бір пірі болады дейді ғой. Ата-бабадан ел тізгінін ұстауға жаратылған сізде де желеп-жебеуші пір жоқ дейсіз бе? - деген келіншек көзінің астымен бұл жаққа бір қарап қойып, сосын маңдайын атасына түзеп.

    Мәті алақандай ала көзін тарс жұмып, мүлгіп тыңдап отыр екен.
  • алия нуржанбаеваhas quoted2 years ago
    Дұрыс айтасың, балам, - деді басын изеп. – Қазақтың бір кезде ештеңеден жүрегі тайсалмаған арда да, асау да болғаны рас. Ол кезде оны жолбарыстан да жүрегі шайлықпайтын нар тәуекел ғана билей алды. Одан кейін ол тап бергенге шап берген көк жұлын арландай намысқой болды. Ол кезде оны алған бетінен өлмей қайтпайтын қайсарлық биледі. Енді, міне, ақылдан пәтуа, қайраттан айбын кеткен кезде халық та қырық құйқылжыған қызыл түлкідей қырық бұлтаң қырқылжың болмасқа шарасы бар ма! Бұндайда бұлтаратын жерде бұлтарып кете алатын, жалтарар жерде жалтарып кете алатын әмбебап айла ғана ел қорғаны бола алады. Бойынан алпыс екі айла табылатын билеуші ғана езінің де, елінің де басын аман алып жүре алып, айласыз, әупірім, алаңғасар қайырмалаған халық құрт-құмырсқаның кебін киіп, бет-бетіне безіп, бордай тозып кететін алмағайып заманның да туғаны шығар. Мұндай әрпіл-тәрпіл кезде ел ұстайтын ердің де жол бастары тәуекелшіл жолбарыс, ашушаң арлан емес айлакер түлкі болатын шығар. Заманына қарай амалы деген осы ғой.
  • Fully Virthas quoted2 years ago
    Бұларға еріп сыртқа шыққан. Үзеңгісінен ұстап тұрып «Хан-ием, мына жаман қарадан анда-санда хабар алып тұрғайсыз. Аруағынан айналайын ата-бабаңыздың бағының өскенін бермесе де, басының өскенін бергей деп тілеймін», – деген.
  • алия нуржанбаеваhas quoted2 years ago
    Шырағым, алыстан орағытып сөйлегеніңе қарағанда ақылды жас боларсың. Ақыл сүйкімді көрінгенмен, оның дегенін істеп, мүйізі қарағайдай болып жатқан ешкімді әзір көре қоймадық. Өйткені, ақылға айтқызсаң, қапысыз іс, қатесіз сөз болмайды дейді, ең дұрысы, ештеңе айтпаған, ештеңе істемеген дейді. Ал не сөзі, не ісі көңілін қозғамаған кісінің соңынан адам түгілі мал екеш мал ермейді. Мен білсем, мына заманың тап ақыл сұрамайды, абырой сұрайды. Бұ заманда абыройдың да аты өзгеріп кетті. Оны бүгінде бедел дейтін болыпты. Бедел дегенің есігіңнің алдында көлденең түсіп жатып алатын күдіре желке көк төбет сияқты. Ол да үйінің сорпа-суаны мол, дәулетті кісіге бітетін көрінеді. Сонсоң да, балам, біз секілді сөз деп аталатын қотыр шыбыштың шандырын тартқылай-тартқылай, оны да әбден ақта қып суалтып жіберген, күні өткен күңіреншек кәріден гөрі тақымында шоқпары салақтап дәулет қуып, дәурен іздеген, жалыны қайтпаған жастарға үйір болған дұрыс. Тәйірі, жөн білетін текті жігітке ел ұстау деген сөз бе екен! Ол үшін үлкенге ізет, қатарға қадір, ініге ілтипаттан басқа не қажет болушы еді! Бұл жұртт
  • алия нуржанбаеваhas quoted2 years ago
    л, Тәукенің өзі бастаған топ: «Бағынамыз деп азат басымызды құл қылып алмай, ат құйрығын үзісеміз деп, жел жағымызға шығарып алмай, терезесі тең елдерше достық қарым-қатынас орнатайық!» – дегенді жақтады. Ресеймен одақтасуды ұнатпайтындар екі араны шиеленістіре түсуге жанталасып бақты. Мұндай жағдайда, Тәукенің орыс әкімшілігінің үзілді-кесілді талабын орындауға да, орындай алмаймын деп ашып айтуға да жағдайы жоқ еді. Уәде беріп тұрып орындай алмаса, өзінің әлсіздігін сездіріп алады. Орындамаймыз деп ашық айтса, маңдайдан дігірлеген қас дұшпаннан құтыла алмай тұрғанда, желкеден және бір жау тауып алады. Сондықтан да, әккі Тәуке қазақ хандығының шын қауқарының қандай екенін патша сезіп қойғанша, не шік, не бүк түспей, ақырын аңдай тұрғанды мақұл көрді. Бір мың бір жүз он үшінші жылы9 ол Тобылға Тұманшы мен Қабайды елшілікке жұмсады. Орыс шебін бұзып жүрген бұзақыларға
  • алия нуржанбаеваhas quoted2 years ago
    Сол тұста патша әкімдеріне Тәукемен жарысып, Қайып та үсті-үстіне елшілік жөнелтумен болды. Шамасы, оған өзі әдейі бой тасалай тұрып, сыр тартып көру үшін, өз атыңнан елші жібер деп ақыл беріп жүрген Тәуке болса керек. Сонысын малданды ма, жоқ ағасы қартайып келе жатқанда жұрт алдында абырой алып қалғысы келді ме, – Қайып бұл іске бар ынты-шынтын салып бақты.

    Әбілқайыр ол тұста Патшамен одақ жасау жәйі сөз болды-ақ, тіл мен жақтан
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)