bookmate game

Кеңес Оразбекұлы

  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Абылай аспас сары бел» — бұл хан Абылайдың өкім, үкімі жүрмейтін жері болады дегенді, былайша айтқанда, ұлық, әкім, төрелердің де айтқаны, үкімі жүрмейтін шек бар. Сол шекте тұрсың дегенді аңғартады
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Адай, таз — он екі ата байұлының ішіндегі рулар. Шежіре дерегі бойынша, Кіші жүз құрамындағы байұлы он екі ата, қыздың баласы — Адаймен он үш ата дейтін сөз бар. Мұның мәнісі, Байұлының Қанбибі деген қызынан туған Адай шешеден нәресте кезінде жетім қалады да, Таздың шешесі бауырына салып, Таз бен Адайды тел емгізіп өсіреді. Байұлының басқа бұтақтарына қарағанда, Таз бен Адайдың бір-біріне етете болатыны содан. Таз руынан шыққан Қашқынбай ақынның жеме-жемге келгенде «Емшектес адай қайдасың?!» — деп қолдау күтуінің де бір сыры осында. (А. Сейдімбек).

    Осы орайда «Аққу мен қаз егіз, адай мен таз егіз» деген мағыналас мақалды да айта кеткен жөн.
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    — Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады, — деп жауап берген екен Әйтімбет шешен.
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    сабасына құйса, көнектің түбіндегі қара тас төрт бөлінген екен. «Адам тілі тас жарады, тас жармаса, бас жарар», — деген сонан қалған екен. Егер ол тасты салмағанда, биеге кәдік* болады екен.
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Бәйдібек бидің бәйбішесі — Сарықыз, екінші әйелі — Зеріп, кіші әйелі — Нұрила (Домалақ апа, Домалақ ене) деген кісілер болған.
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Сары бәйбішенің Нұриланы жазықсыз зәбірлеп жатқанын көрген келіні Сыланды (Иісті) жүгіріп шығып араша түседі. Адуын бәйбішенің сермеген қамшысына арқасын тосып, Нұриланы қорғаштайды.

    Осы оқиғадан кейін Сыландыға риза болған Нұрила: «Ағарып алдыма

    Кәдік* — қауіп, зақым.

    түспе, қарайып соңымнан қалма», — деп батасын беред
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Бәйдібектің тоқалы Нұриладан — Тілеуберді (Жарықшақ), Жарықшақтан — Албан, Суан, Дулат тарайды. Бұларды қараүйсін деп те атайды.

    Жалмамбеттің екінші әйелі Сыландыдан — Ысты, одан — Ойық, Тілік, Сызық туған. Жалмамбеттің кіндігінен тараған шапырашты, ысты, ошақты аталарын жинақтап «Ақүйсін» деп те атайды.
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Содан бастап ел арасында «ағаш ексең, күнәң жеңілдейді» деген қанатты сөз қалыпты.

    «Бір тал кессең, оң тал ек», «Мазар басына ағаш ексе, сауабы тіріге де, өліге де тиеді» деген қанатты сөздерде де жоғарыдағыдай тағылымды ойлар жатыр.
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Содан, асықты қаржып жібергенде омпа түсіп, бала Сүйіндікке бұйырып, сол баланың Қаржас атануы осыдан еді дейді.

    Бұл кезде Сүйіндіктің әйелі жас босанып отырса керек, Айдабол деген баласы бар екен. Жас ана Айдабол мен Қаржасты қатар емізіп өсіріпті. Әлгі, «Айдабол, Қаржас — емшектес» деген сөз содан қалған дейді.
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Келмесең, келгендерден садаға кет! — дегенде, отырғандар жадырай бір күліп. «Аққан суға да бір тосу!» десіпті.

    Бұл — бетімен кеткен, бейпіл сөзді адамға да бір тосу бар дегені.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)