Сәбит Дөнентаев

  • b1979059544has quoted2 years ago
    Жан-жануар, адамзат — бәрі де жаратылыстық жақсылығына зар.
    Жалғыз-ақ біреу бар. Ол жаратылысқа разы емес. Жаратылыс оған разы емес. Екеуі бір біріне қырын қарайды. Бірін бірі сүймейді. Жаратылыстың жоғарғы айтылған неше түрлі көркем суреттері бүгінгі таңның жан-жануарға беріп тұрған мейрамы бәрі онан аулақ. Ол мұның бәрінен хабарсыз саңырау. Қара жерді жасартып, қара тасты жібіткен жаратылыстың күші қандай болса да, оның беріш қатқан кепкен жүрегін жібіте алмайды да, жасарта алмайды. Тек оның жаратылыстан алған еншісі кек моланың, бір бұрышы. Оған таңның атқаны, күннің батқаны, бүгінгі таңның әсері оның, ойына да кіріп шыққан жоқ.
  • b1979059544has quoted2 years ago
    Оның ендігі күткені келешекте бақытты кісі болам деп өмірінің гүлін көксеу емес. Қандай бақытсыздық қиыншылық болады? Қашан, қай жерде өліп сүйегі қалады? Сол ғана, өлсе де, тірілсе де кек моланы тастағысы келмейді. Бүгін де осы көк молаға қонып шыққан.
  • b1979059544has quoted2 years ago
    Ол жалғыз, ол бақытсыз, ол қорғансыз, оған ешкімнің де жаны ашымайды
  • b1979059544has quoted2 years ago
    Аянышпен бе, әлде қуанышпен бе, білмеймін, Көркемтайдың қасында үймелеп жүрген жолдастары да бар еді. Олар мыналар: жауыр аттың аркасын шұқып жарасын қанатып дәндеген, қойдың жабағысын жұлып ұяға салған, моланың ішіндегі қарғалар, құзғындар, әбден ықтыярына көнген соң, маңайынан кетпейді.
  • b1979059544has quoted2 years ago
    Барлығы Көркемтайдың тойына жиналғандай моланың, бір бұрышы у-шу құзғын қарғалар.
  • b1979059544has quoted2 years ago
    Жалғыз-ақ Көркемтайдың бауыр басқаны жоғарғы айтылған Нағима еді. Мұның сорына о да болса ол үйде тұра алмады
  • b1979059544has quoted2 years ago
    көңілі сүйген біреумен кетіп қалды.
  • b1979059544has quoted2 years ago
    үгінгі аянышты халдерінің себебі осы Нағиманың жоқтығы еді
  • b1979059544has quoted2 years ago
    Әрі бір жағынан қайғы үстіне қайғы жамалып, екінші жағынан талай суықтарға ұрынғаннан ауруға шалынып, ішінен жеген құрт аурудай күр сүйегі қалған, сондықтан ол езінің жаратылыстың, бір мүшесі екендігін де ұмытып, дүниеден қол көтерген.
  • b1979059544has quoted2 years ago
    Бүгінгі атқан таң Көркемтайдың ақтық таны екендігін, бүгінгі күн ақтық өмірінің тыянағы екендігін оның қасындағы өлімтігін андып отырған жолдастары дәлелдейді. Әм Көркемтайдың өзі де жақындағы ақтық өмірінің белгісін көзімен көріп, ақырғы дем алысын ғана күтіп жата берді
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)