bookmate game

Григорий Петров

    Әсемдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Мұғалім түзелсе түзейді, мұғалім бұзылса бұзады. Мұғалім миссиясын түсінсе қоғам өзгереді. Алтынсарин атпақшы «Мұғалім – мектептің жүрегі», ол кез-келген білім мекемесінің тынысы. Қоғамның қандай да бір тұсынан резонанс басталса оның әсер ету амплитудасы шектеулі болу мүмкін, алайда сол резонанс мұғалімнен басталса, ол қоғамдағы әрбір адамның санасында, мінезінде, ұстанымында, болмысында, оның бойындағы құндылықтар жүйесінде, ойлауында оң ықпалы қалдырмай қоймайды. Сондықтан да болар, текті Алаш зиялылары мемлекет құрарда білім саласын, оның ішінде мұғалімдердің мәселесін ерекше ескерген
    Әсемдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Мектептерде оқушыларға дұрыс білім беріліп жатқан жоқ. Өмірді түсінудің жолын үйретіп жатқан жоқ, адамның бойындағы сезімдерді қозғап жатқан жоқ. Миллиондаған адамдардың милары, құнарсыз топырақ секілді, ешқандай жеміс беріп жатқан жоқ.
    Әсемдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Рухани байлық да осы секілді, халқымыздың рухының тұңғиық-тереңінде көмілу жатыр. Көмір, тұз, темір дегеннің бірі де жер бетіне өздігінен шықпайды. Адамдар жерді қазып жүріп шығарады. Міне, мен де халқымыздың санасы мен ұжданының түкпірінде бұғып жатқан жауһарларды жарыққа шығару үшін өзімнің туған ауылыма жол тартып бара жатырмын
    Әсемдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Ал содан кейін не істедік?! Не істейін деп жатырмыз? Ұйқыға кеттік. Иә, иә, жай ғана ұйқыға кеттік! Білім алған әрбір жан, мысалы, дәрігер, сот, офицер, инженер, адвокат, сәулетші, мұғалім – бәрі де халық үшін жарық шашқан бір-бір шамшырақ болуы керек. Әрбір шамшырақ, көшеге қойылса да, алаңқайға қойылса да, мейлі қалашықтың сыртына қойылса да, қойылған жеріне жарық беру керек еді.
    Әсемдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Мырзалар! Дәл осы жерде, өз арамызда әңгіменің астарын ашып сөйлесіп жатырмыз! Әрқайсыңыз, ұждандарыңызды төреші етіп, айналысып жүрген істеріңізге көз тастап, тағы да ой елегінен өткізіңіздерші. Әркім осы кезге дейін кімдерді тәрбиелеп, кімдерді түзеткенін, кімдердің білімін арттырғанын ойласыншы. Айналамызға көз тастайықшы, біз өмір сүріп жатқан қоғам надандықтың құрсауында мүлгіп жатыр. Сіздерден сұрап тұрмын: бұл ұлт қай ұлт екен? Өз ұлтымыз емес пе екен?.. Кінә кімде?..»
    Әсемдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    «Міне, мыңдаған жылдар бойы әлемнің барлық жерінде кінәсіз халық осы жолда тоналып, моральдық азғындыққа түсіп жатыр. Бұл жағдай ешкімді де алаңдатқан емес. Бірақ бір жерде оба, холера, малярия сияқты жұқпалы бір ауру шықса, бәрі үрейлене әбігерге түседі, елдің барлық жерінде қиямет-қайым орнай қалады, айнала біткен төңкеріліп тасталса да дезинфекция жасалады. Әп-сәтте аурудың қайнар көзіне дәрігерлер жіберіп те үлгереді. Жұқпалы аурудың шабуылына қарсы аяусыз шайқасқа түседі. Барлық жерде «Сақ болыңыздар! Қайнамаған суды ішпеңіздер! Індет әртүрлі зиянкестер, тышқандар мен кеміргіштер арқылы тарайды. Бұлармен күресу керек!» деген ұрандар ілініп тасталады. Барша адамзатқа қауіп төндіріп тұрған ішімдік пен мас ететін сусындар індетіне қарсы, өкінішке қарай, ештеңе де жасалмайды».
    Әсемдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Рачинский ауыл балаларына қараған сайын:

    – Міне, тірі алмастар, бағалы жауһарлар! – деп, ерекше мақтаныш сезімімен айтатын. – Бұл алмастар басында лай-батпағымен бірге келетін. Іштеріндегі жауһарды шығару үшін батпақтан аршып тазалау керек еді. Бұл балалардың әрқайсысының ішінде ерекше қымбат жауһарлар жатыр еді.
    Әсемдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Сендер де өздеріңді игерудің әдістерін үйреніңдер. Жүректеріңнің, сезімдеріңнің, қалауларыңның және еріктеріңнің тізгінін ешқашан жіберіп алмаңдар.
    Әсемдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    «Біреулер азғантай байлықты місе тұтады. Ал қабілет-қарымы күшті адамдар ой еңбегімен одан да көп табысқа жетеді. Кез келген саладағы секілді, тек ол үшін жақсы жаттығып, алдын ала дайындалу керек. Мысалы, адамның денесі шымыр болуы үшін жаттығу жасау керек. Бұлшықетті күшейтуге арналған жаттығулар болғанда, адамның ақылы мен жүрегін, рухы мен сезімін қуаттайтын арнайы жаттығулар неге болмасын?!»
    Әсемдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Өздеріңе зиян келтіретін әдеттерді бойларыңа жұқтырмаңдар! Себебі бір адамға қандай да бір әдет жұқса, адам сол әдеттің құлына айналады. Сендер ешқашан ешкімнің, еш нәрсенің құлы болмаңдар!
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды