bookmate game

Шыңғыс Айтматов

    Айым Аманбекдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Ал әлгі ителгікөз Таңсықбаевтың жағдайы былай болған.

    1956 жылы көктемнің аяғын ала Құмбелдің депосында үлкен митинг ашылды. Митингіге барлық станциялар мен разъездерден күллі теміржолшылар шақырылды.
    b0650894280дәйексөз қалдырды5 ай бұрын
    Едігенің көкейге бір түйгені: адамның адам баласына деген ең үлкен жақсылығы – өз отбасыңда көргенді, білікті ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Балаңды біреу асырап, біреу бақпасын, шамаң келсе, бауырыңнан ажыратпай күнбе-күн, бірте-бірте бала бойына адамгершіліктің, азаматтықтың нәрін дарыта бер, дарыта бер.
    b0650894280дәйексөз қалдырды5 ай бұрын
    тірі өлік баласын жоқтап тұрып, қара күйік пен қасірет- қайғының запыранын жұтып тұрып, Найман-Ана былай деп бекер айтпаған да: “О, құлыным, сенің басыңа көн қаптап, темір қысқышпен жаңғақ шаққандай етіп, шығыр салып бұрап, ақыл-есіңнен айырғанда, басыңды құрсаулап қойып қысқанда, үрейлі көзің шарасынан шыға қанды су аққанда, Сарыөзектің түтінсіз жалынында қақталып, ажал аузында ындының құрып жатқаныңда, кезерген ерніңе аспаннан бір тамшы тамбағанда, о, құлыным, саған сонда күллі әлемге тіршілік беруші Күнді сен қарғаған жоқ па екенсің? Сонда саған жарық Күн Дүние-Әлемдегі шамшырақ жұлдыздардың ішіндегі ең қап-қара дүлейі, көзсіз соқыры болып көрінген жоқ па екен?
    waikikishдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Мейлі мен біздің отбасы, ру үшін "бұзақы" болайын, бірақ адамдық үлкен шындыққа мен қиянат жасаған жоқпын, өмірдің үлкен шындығына мен аяғына дейін әділетті болдым. Менің осы ақ ниеттілігімді ешкім білген емес, оны жұртқа айтуға да болмайтын еді, өйткені басқалар түгіл, жанымдай көрген өз анам да мұның мәнісін түсінер емес.
    waikikishдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Темір қанат болған соң, әрқайсың өздеріңше қанат сілтеп қалмайсыңдар ма... Біз қайдан білейік, бәлкім, сендердікі шындық шығар, бәлкім алысқа самғап ұшарсыңдар... Қазіргі заман енді солай болып тұрған жоқ па...
    waikikishдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Қорықпа, Жәмила, алыс жолдан, сенің жолың бақыт жолы, оған күмәнданба!"
    Назгүлдәйексөз қалдырды4 ай бұрын
    Ұшпа қарды иреңдете қуалаған желдің ызыңы болар-болмас естіледі. Боран болатын түрі бар. Сарыөзектің түнек аспаны дауыл толғатып, астан-кестеңі шыққалы тұр. Анда-санда бұлт арасынан шел көздей ағараңдап, өліктей бозарып, жападан-жалғыз жылжып, ай көрініп қалады. Аяз бетті шымшылайды.
    Назгүлдәйексөз қалдырды3 ай бұрын
    Бір топшылағаным, Жайнақ соғысты сүйіп қызығып кеткен жоқ, ол оны жек көргені үшін, соғыстың елге тигізген кесірі жанына қатты батып, қолына қару алғалы кетт
    Назгүлдәйексөз қалдырды3 ай бұрын
    Бір топшылағаным, Жайнақ соғысты сүйіп қызығып кеткен жоқ, ол оны жек көргені үшін, соғыстың елге тигізген кесірі жанына қатты батып, қолына қару алғалы кетті.
    b9336851927дәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Өлі арыстаннан тірі тышқан артық,
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды