bookmate game
kk
Free
Әбіш Кекілбаев

Үркер

840 printed pages
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Impressions

  • Aldiyar Zhumabek Kokshe BILshared an impression3 years ago
    👍Worth reading
    💡Learnt A Lot

    Керемет кітап. Әбілқайыр хан тұсындағы қазақ мәселелері мен орысқа бодан болу мәселелері жайлы баяндалады.

  • b1269001087shared an impression2 years ago
    👍Worth reading

    Кереме кітап мен негізі бұл кітапты жарысқа проза айту үшін қолданғанмын бірақ қызыққанымнан барлығын оқып тастадым кеңес беремін

  • perizattilegenovashared an impression4 years ago

    Неге менде кітап ашылмай жатыр? Басқа кітаптар ашылып тұр.

Quotes

  • Руслан Рысқұлбекұлыhas quoted2 years ago
    Қазыбектің бұдан былайғы сөзін ести алмады. Екі құлағы бітіп қалды. Көзінің астын топан көміп бара жатқандай бұлдырап барады. Әйтеуір әлгі баурай-баурайды түгел толтырып тұрған нөпір аламанның әлденені айтып күркірегенін біліп отыр, әлгінде ғана алдында сұлқ салбырап тұрған қыл шашақтардың тұнық аспанды сабалап желк-желк желпініп жатқанын көріп отыр. Сол бір қаһарлы айқай тынар емес, сол бір дүрлігіс басылар емес. Бір уақытта қолдарына көл-дария өре киіз ұстап, іштерінде қанжығалы Бөгенбай, қара керей Қабанбай, тама Есет, әлім Бақтыбай, ошақты Саңрық, керейіт Тайлан, шөмекей Киікбай, үйсін Ақтамберді, Қалдыбай, керей Сырымбет, тілеу Орыс, адай Шотан, атығай Құлсары, Қыпшақ Шақа, сары жетім Бұданбай бар, қарақұрым қол алдына келіп, тістері ақсиып бірдеңе деді. Қапелімде орнынан тұра алмай қалған Әбілқайырдың бір қолтығынан арғын Жәнібек, бір қолтығынан табын Бөкенбай демеп өре киізге алып келді.
    Сол-ақ екен бір алып ақ самұрық құс оны аспанға көтеріп әкетті. Біресе шырқыратып шыңға шығарып әкетеді, біресе құлдилатып әлгі қара нөпірдің үстінен түсіреді. Жұрт ауыз жаппай әлдене айтып жатыр.
  • b4773737814has quoted2 years ago
    Ел ырысы – малды Ұлы жүзге тапсырса, пейіліне сенгені, ел жыртысы – дауды Орта жүзге тапсырса, білігіне сенгені, ел шырқын бұзар жауды Кіші жүзге тапсырса, ерлігіне сенгені.
  • Arai Galimjanovnahas quoted4 years ago
    жетіліп, қатарға қосылсын десең – ұзын арқау, кең тұсау тіршілікке

    жібермей, белін бекем будырып, сара жолға сал. Көп көбейіп, дені

    жайылсын десең - тар қамажауға тығып тұмшалай бермей кеңге шығар!

On the bookshelves

fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)