Бір уыс мақта, Ыбырай Алтынсарин
Тегін
Ыбырай Алтынсарин

Бір уыс мақта

Оқу
2 қағаз парақ
Пікіріңізді
Сөреге
Оқыдым

Бір жазылыммен мыңдаған кітаптарды оқыңыз

Сіз кітапты емес, орыс тіліндегі ең үлкен кітапханаға кіру мүмкіндігін сатып аласыз.

Оқитын нәрсе әрқашан да болады

Достар, редакторлар мен сарапшылар жаңа қызықты кітаптар табуға көмектеседі.

Қалаған жерде оқыңыз

Жолда, қала сыртында, еһшетелде оқыңыз. Телефон әрдайым өзіңізбен — демек, кітаптар да өзіңізбен.

Лена Шнель
Лена Шнельдәйексөз қалдырды10 ай бұрын
Бір уыс мақта
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты:
- Балам, дүниедегі жаратылған жәндік-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,- деп. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:
- Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас,- деп.
Шешесі:
- Балам, сол да жерде қалмайды,- деді.
Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана алып, ұшып кетті. Қыз әжесінен:
- Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылады? - деп сұрады.
Әжесі айтты:
- Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді.
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды