Сәбит Мұқанов

Ботагөз

572 қағаз парақ
Оқып қойдыңыз ба? Не айтасыз?
👍👎

Пікірлер

    Рыскалиев Ибрайпікірмен бөлісті4 жыл бұрын
    👍Кеңес беремін
    🔮Мәнді
    💡Танымдық

    Жалпы роман керемет жазылған, сөзге бай, қазақтың байырғы сөзімен орысшасын араластырып, керемет үндестік тапқан, бірақ советтік адамды біркелкі жақсы, ал монархисттер мен ең сорақысы алашордашыларды біркелкі нашар жазғаны мен коммунист образдарды идеалиализациялап жазғаны уақыттың "талабы" дегенді қабылдасақ, жаксы роман

    zhamal0005пікірмен бөлісті2 жыл бұрын

    Ботагөз... Сұлулығы тек сыртында ғана емес, жан әлемін де құлпырып тұрған қайсар қазақ қызы. Қазақ қыздары әріп білмесе, Ботагөздің білімі бар қазақ қызына жетерлік еді . Арының алдында адалдық қазірде кей ер адам бойынан да табыла қоймайтын дүние. Әлде, жақсы адам деген атаудан бір адам кеміп қала ма деп, тіміскілемейтін жағдайға жеттік. Тәуелсіздік үшін тағдырын тілімдеген Ботагөзді оқып қалай таңданбауға болады?! Өзіне сай жары да жігіттің төресі. Алланың қандай болсаң, сондай жар кезігеді деуін Ботагөздің жарын сай етумен әлдеқашан тіпті, жер бетіне адам пайда болғанда дәлелдеп қойған секілді. Тағдырлар Ботагөздікі секілді болмасын, бірақ бақыт Ботагөздің қызыл туды көтеріп, жарына қарай айғай салғанындай болсын... Бұл жай ғана бейбіт күндегі Ботагөздің лақап аты Жамал болған аттас қыздың ойы ғана деп ұғарсыз......

    Майра Махатаевапікірмен бөлісті4 жыл бұрын
    👍Кеңес беремін
    🔮Мәнді
    🎯Пайдалы
    💞Романтикалық
    🚀Бас көтеру қиын

    Жақсы жазылған. Мағынасыда керемет. Сол кездегі махаббат жайында. Маған қатты ұнады . Өзім осы кітапты 9 сыныпта оқыдым.

Дәйексөз

    Ауыл Тұрғыныдәйексөз қалдырды6 жыл бұрын
    желкесінде найзадай шаншылып Оқжетпес тұр екен. Күзді күні қайыңның жапырағы сарғаяды, теректікі қызарады, жасыл түсін өзгертпейтін қарағай ғана. Оқжетпестің жиған жүктей текшеленген сұңғақ денесінің омырауына шейін осы үш түрлі ағаш араласа өскен. Солардың түрлі түспен құлпыруы Ботагөздің көңілін көлден тауға аударды. Оқжетпестің найза денесі Ботагөзге түрлі түсті жібек лента араластыра өрген қыздың тұлымына ұқсап
    Ainur MZHдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    «Биік мансап, биік жартасқа шарықтап ұшып қыран да шығады, жорғалап жүріп жылан да шығады», дейді Абай.
    Диас Аскербековдәйексөз қалдырды3 жыл бұрын
    Айналасын тамашалаған Асқардың ойына Абайдың көктемді суреттеген өлеңі түсіп, арбаның үстінде ыңырсып сол өлеңмен ән айтайын деп еді, аспанға шырқап шығып алып, қанаттарын жыбырлата қағып жырлаған боз торғайлар көңілін бөліп жіберді.

Сөрелерде

fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды