kk
Шынғыс Айтматов

Құс жолы

Notify me when the book’s added
To read this book, upload an EPUB or FB2 file to Bookmate. How do I upload a book?
  • waikikishhas quoted3 years ago
    қайран балалық-ай, ол да бір өзінше қызық дәурен екен ғой!
  • waikikishhas quoted3 years ago
    онда аяғыңды көлеңкеңе көз тастап басатынсың. Әсіресе ертеңгі көлеңкең дәл өзіңдей сымбатты болатын.
  • waikikishhas quoted3 years ago
    Адам жақсылықты жерден тауып ал¬майды, адамнан үйренеді. Жайнақтың беріп кеткен тоны жыртылар, тозар, ақырында жоқ болар, мейлі жер жұтсын, сөзге тұрмайтын нәрсе, гәп онда емес, сол бармақтай балдырғанның жүрегінде тосын біреудің істеген жақсылығы өмір бойы сақталып қалса, адам болған соң басқаға жақсылық ету міндет екенін жастайынан сезіп қалса, Жайнақтың сауап істегені сол емес пе.
  • waikikishhas quoted3 years ago
    Ал енді басқалар ше, күн астында өмір сүрген барлық адамзатқа айтар сөзім бар. Оны қалай айтамын, қайтіп оны әрбір адамға жеткіземін?..
    Ә-ә, аспанда жарқыраған күн, жер қыдырып сен айт!
    Ә-ә, сапар шеккен бұлт, нөсерлете төгіп, әрбір тамшыңмен сен айт!
    Жер дүниенің барлық түкпір-түкпірінде адамды асырап баққан Жер, сен, сен айт, Жер-ана!
    — Жоқ, Толғанай, сен айт. Сен — Адамсың. Сен бәрімізден биік, бәрімізден ұлы жаралған жансың, сен айт, сен — Адамсың!..
  • waikikishhas quoted3 years ago
    Сол түні аспанға қарап жатсам, Құс жолы ұзыннан-ұзақ шұбап, әлдекім жаңа ғана зор құшақ сабан көтеріп өткендей, оның құшағынан себеленіп түскен топанға жел лебі тигендей жалт-жұлт етіп құбылып жатты. Сол биіктікте Құс жолымен бірте-бірте алыстап кетіп бара жатқандай эшелонның зуылдаған үні жүрек елжіретіп, көпке дейін құлағыма естіліп тұрғандай болды. Темір жолға тарс-тарс тиген дөңгелектері мені тербеткендей көзім ілініп, бүгін түні дүниеге тағы бір диқан келген екен ғой, өмірі ұзақ болсын, сепкен дәні жұлдыздай қисапсыз болсын деп, Құс жолына қарап жатып ұйықтап кеттім.
  • waikikishhas quoted3 years ago
    Өмір өлмейді екен ғой, еңбек өлмейді екен ғой!
  • waikikishhas quoted3 years ago
    Өзіңді қорынба, балам, ұялма. Мұның ешқандай ерсілігі жоқ. Бұл да өмірдің бір соны нәрсесі. Кімнің қалай босанғаны сөз бе екен. Босанған ананың бәрі бірдей, ешбір айырмасы жоқ. Дүниеге келген нәрестенің бәрі бірдей, ешбір айырмасы жоқ. Жарық дүниеге келген әрбір нәресте барлық адамзаттың баласы
  • waikikishhas quoted3 years ago
    енді соғыстың азап-тозағын бастан кешіріп жер басып жүрген әрбір адамның бағасы қаншалық құн жеткісіз екенін, оның көңілі қаншалық қымбат екенін заманның ұлы сабағын алған ел өзі-ақ түсінді.
  • waikikishhas quoted3 years ago
    Факты деп заңға сүйеніп, құтылсаң құтылып кетерсің. Бірақ, біліп қой, ел-жұрттың азап-тозағынан безіп, оның қайғы-қасіретін бөліспегенің үшін, адам санатынан шығып, өмірден шірік болып, қарабет атанып өтесің. Саған факты да, жаза да осы
  • waikikishhas quoted3 years ago
    Өткінші нөсер лезде басылып, бұлттар алыстап бара жатқанда бұл тағы тез өтіп кетті-ау дегендей, қиялмен бұлттардың артынан мұңая қарап, алысқа көз жүгіртіп, нөсердің бірте-бірте ұзаған күйіне құлақ тосып Алиман қатты күрсінді. Байғұсым-ай, сонда ол Қасымды есіне алып тұрғандай көрінді маған.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)