Нафиса Аббасhas quoted7 years ago
ҰЯДАҒЫ ЗОРЛЫҚ
Ер жетіп, ес білген сайын, Қартқожа өмірде талай әділсіздіктерді көре береді. Өз басын құрбы-құрдастары талай кемсітіп, мазақ етіп қорлағаны, зорлық көрсеткені бар. Қаржасбайдың шалдуар баласы бір күні қарындашын тартып алып, бермей қойды. Жалынды, жалпайды, болмады. Әбден ыза болған соң, бай баласының қағазын тартып қалып, жыртып тастады. Бай баласы мен екі-үш бала жабыла ұрып, мұрнынан қанын ағызды. Қартқожа көрген қорлығын жылап келіп, әкесіне айтты. Әкесі Жұман назаланып, атына мініп, Қаржасбайдікіне барды. Байға мән-жайды түсіндіріп айтып еді баласына ұрысып, қарындашын алып бергені сол, «Балаға ара түсесің»— деп, Жұманның өзін сөкетті қылды. Не қылсын, салы суға кетіп, Жұман үйіне қайтты. Баласына: «Қарындашың жоғалып қалған екен, уақа етпес, бақалшыдан тағы қарындаш әперемін» — деп жұбатқан болды. Қартқожа аулының бір баласын Жұмат деген бала ұрып жатқан соң, болысайын деп еді, Жұмат қарулы бала — желкеге қойып-қойып жібергенде тасқа жығылып, қолын даладай қып қанатып кетті. Жалғыз ол ма? Жас күнінде бай балалары талай қарға да аунатқан, қойнына қар да толтырған, тонын да жыртқан, кітабын да шашқан, өгізшесінен аударып қуып жіберіп, талай жаяу да қалдырған. Қайсыбірін айтарсың, қорлық-зорлығы толып жатыр. Осының бәрі Қартқожаны ойландырды, жанын кейітті: «Әттең, менің кедейлігім-ау! Әйтпесе солардың менен ақылы артық па? Зейіні артық па?
Артық болса, малы артық, Дүние шіркін-ай! Кегімді алатын да күн болар ма екен!..» деп, ішінен зығыры қайнап жүрді. Ол онымен тұрсын. Жалғыз өз басы ма? Күштілер әкесіне де зорлық етпеді ме? Мақымет бай үйлерінің бір құнан өгізін қарызға алып, неше сұраса да, ол бермей қойды. Мақымет болыспен құда: оған шамасы қалай келсін? Оның үстінен кімге шақсын? Қыстай қала-
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)