Алибек Аймишов
Алибек Аймишовдәйексөз қалдырды10 ай бұрын
БІРІНШІ КІТАП
(роман – диалогия)
− Сен қайдан келдің? – дегенде, бір данышпан:
− Мен балалықтың елінен келдім, – деген екен.
Ересектерде сол «балалықтың елінен» келмеген ешкім жоқ.
Анадан ешкім сақал-мұртымен тумайды.
Мен де солардың бірімін.
Анамның аты Айша еді.
Аз ба, көп пе – алпыстан астым.
Аз ба, көп пе – ірілі-уақты кітап жаздым.
«Халық жазушысы» атандым. Жазғанымның бәрі алтын дей алмаймын. Бірақ солардың көбі және дәмділері тек балалық шақтың нәрінен, балауса балғын шақтың әсерінен туған. Өсе келе, көпті көрдім, дүниенің шартарабын араладым. Бірақ соның бәрі мені балалық шағымдай байыта алмады.
Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді.
Мысырда болдым – Мысыр түсіме кірмеді.
Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкістан, Иран бардым.
Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркта болдым – олар да түсіме кірмеді.
Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым – оны да түсімде көрмедім.
Түсімде ылғи балалық шағымды көремін.
Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін.
Түсімде ылғи туған үйімді керемін.
Түсіме ылғи Айша кіреді. Мұртаза түсіме сирек кіреді, өйткені ол кеткенде, мен бес-ақ жаста едім. Елесі еміс-еміс қана.
Егде тартқанда бүгін көргенің ертең естен шығады.
Ал енді бала кезде көргенім, естігенім бүгінгідей әлі есімде. Ендеше, текке күшене бермей, соны неге жазбаймын? Ата-бабамның, Айшаның аруағы жар бола көр!» – деп қолыма қалам алдым.
БОЗАЛА ТАҢ
Анасының құрсағынан шыға салып, алғаш көргенін есіне сақтап қалатындар бар дейді. «Мен туғанда үйдің іші қып-қызыл еді», – деп айтыпты дейді біреулер.
Білмеймін. Өз басым ондай алғыр данышпан емес екенім анық. Өйткені: Есім қай уақытта кірді, тұңғыш рет көрген-білгенімнен есімде не қалды?» – деп, ары үңілем, бері үңілем, ештеңе таппаймын. Үш жас, төрт жас – бәрі бұлдыр, бұлыңғыр. Тек, Әйнек апам мені арқасына көтеріп келе жатқанда, бір аяғымның калошы түсіп қалып, кемпір байғұс келе жатқан ізімен қайта қайтып әлгі түсіп қалған калошты іздегені еміс-еміс есімде. Әйнек апамның арқасына жармасқаныма қарағанда, әлі өз бетіммен еркін жүгіріп кете алмайтын кезім болуы керек.
Ал Мұртазаның Гришка дейтін орыспен сөйлескенін анық білемін. Біздің үйдің күншығыс жақ қабырғасы. Мұртазаның үстінде өңірін қара шибарқытпен көмкерген жосалы сары тон, басында дәл сондай теріден тігілген телпек. Оның жиегі қара қозының елтірісі. Сақалы сарыдан қызғылттау.
Қасында – Гришка. Мұртаза қойтастың үстіңде отыр. Гришка түрегеп түр. Сірә, көктемнің әлі дүмбіл кезі болар. Өйткені күншуаққа сүйсініп, тамғ
Шерхан Мұртаза
Ай мен Айша
Шерхан Мұртаза
Ай мен Айша
  • 291
  • 57
  • 6
  • 0
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды