Домина Мэхнар
Домина Мэхнардәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
Сөз қылып жаза бердім жоқтан-бардан,
Далаға от жақтырдым қалап қардан.
Бір нақыл, жұртқа таңсық жәдігер сөз
Хазірет Ғайса рухолла пайғамбардан.
Бос сөзді ауызға алып айтпаймыз біз,
Ынсапты шын құлақпен тыңдаңыз сіз.
Базарға жұрт жиылған келе жатқан
Лағынға жол үстінде ұшырапты кез.
Қысқа айттым, қылмай мылжың сөзді ұзартып,
Тыңдаушы кетпесін деп жалқау тартып.
Ол малғұн келеді екен жолмен айдап,
Он қашыр, бес есекке жүгін артып.
-Жаныңа шын сөйлесең пайда,-дейді,-
Дінің қатты, құр тілің майда,-дейді.
Сұрады тақсыр Ғайса тұра қалып:
-Барасың,-Лағынға айтты,-қайда?-дейді
Шайтанның саудасы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Шайтанның саудасы
  • 21
  • 1
  • 0
  • 0
Тегін
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды