inabathas quoted12 years ago
тосқауылдай қалдым: – Бос емес. – Кім бар мұнда? – Түсінемісің қазақша айтқанды. Бос емес. – Жанарға сақтап отырмысың. Ал, енді, қымбатты оқушым, кінәласаң кінәла, кінәламасаң өзің біл, мен өзімді бұдан әрі ұстай алмадым. Жантастың шақпа тілі бір ғана сәттің ішінде мені үш рет түйреп үлгерді. «Еңбек ері» деп, бір көкітті. Оның артынша «Қара Көже» деп, атымды тәлкек етті. Жанарды және сөзге қыстырып отыр. Зығырданым қайнап кеткені соншалық, орнымнан ұшып түрегелдім де, Жантасты иығынан ұстап, жалт бұрылып, «жұмсақ жеріне» әдемілеп бір тептім. Қойсаңшы, еркек болғаны құрсын да Жантастың. Маған біреу әлгіндей істесе, әлім келсін-келмесін, сол арада қолында өлем. Сондай бір ашынғандық Жантастан да шығар деп ойлап едім. Мен онда бәлемнің түте-түтесін шығарып, жеп жіберуім қақ еді. Бірақ Жантас өйтпеді, сазарып үндемей қалды. Бар тіс жарып айтқаны:– Мен ойнап айтсам... – дейді. Байғұстың даусы да біртүрлі бейшараланып шықты. Қайрат, қарсылықтан жұрдай еді. Осы кезде класқа Жанар кіріп келді. Басында маған ғажап ұнайтын қызыл береткасы. Менің онымен мынадай әбігер халде тұрып, амандасуға да мұршам келмеді. Жанар орта шендегі басқа бір партаға отырғалы жатыр. Оңбаған Жантастың кесірінен жоспарым күл-парша болды.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)