inabat
inabatдәйексөз қалдырды5 жыл бұрын
ҮШІНШІ ТАРАУДА Мен өз ойымнан хабар беремін және құмдағы із жайлы сөз болады Қаратайдың тез жөнелгеніне, жабырқап жөнелгеніне мен қуанышты едім. Осы кеткеннен қарасы біржолата өшсе. Мамамның Қаратайға шынымен күйеуге шыққысы келе ме? Мүмкін емес. Бөтен біреуге... тікенек сақал кәп-кәрі Қаратайға... жо, жо, ол оған шықпайды күйеуге. Тіпті жас болсын, қандай болса, сондай болсын, мамама керегі не бөтен күйеудің? Біз, әжем үшеуіміз, құдайға тәуба, онсыз да жаман тұрмаймыз ғой. Қарнымыз тоқ, көйлегіміз көк. Мен әлі оқу бітіріп, ер жетемін, университетке түсем. Жазушы болам. Міне, сол кезде мен мамама, егер ажалы жетіп, өліп қалмаса әжеме де, өмірдің нағыз бақытын көрсетемін. Осы ойымды түп-түгел ақтарып, мамама айтқым келеді. Бірақ қалай айтарсың, ұят бір түрлі. Жоқ, мамамнан ондай қылық шығуы мүмкін емес. Қаратайды ол жай сыйлайтын шығар. Менің ержетіп қалған балам бар, мен күйеуге тимеймін деп, басалқы айтып, түсіндіретін болар. Бірақ Қаратайдың оны түсінгісі, ұққысы келмейді. Көлеңкедей еріп, мамамның соңынан екі елі қалмайды. Ух, осы бір сұғанақ, тәртіпсіз еркектерді ме... Жоқ, менің мамам күйеуге шығуы мүмкін емес. Ол бізді ешуақытта да тастамайды. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұратыны да сол мінезінен емес пе. Онсыз мамамды екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайлар ма еді. Бұның бәрі менің басыма тыңқиып тойып алғаннан кейін келген ойлар. Аш қарынға данышпан болып жетістірмейсің. Шомылайын деп, өзенге келе жатырмын. Күн көкжиекке төніп барып қалса да, ыстық әлі қайтпаған, иығым мен шекемнің бір жағын қарып, күйдіріп барады. Төменгі егінжай жаққа көз жіберсем, темір
Бердібек Соқпақбаев
Менің атым - Қожа
Бердібек Соқпақбаев
Менің атым - Қожа
  • 435
  • 101
  • 2
  • 0
Қолжетімсіз
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды