Gúlnaz Asanhas quoted6 years ago
Ал өзінің қарт әжесі Ханшайым бой жете бастаған кезінде:
− Қалқам, сен біреуді жақсы көруің де мүмкін, біреуді дос санауың да ғажап емес, ал бәз-баяғы біреуге қатты сенуің де орынды. Бірақ, осының бәріне адамға ең алдымен сабырлылық пен тұрақтылық керек. Біреуді жақсы көреді екенсің, заматта күйіп-жанба, отқа қызыққан көбелек қанатын күйдіреді. Ләззатыңды да, өзіңді өзің ұстай біл. Ал шын жақсы көреді, екенсің - тұрақты бол. Махаббатта тұрақсыз болу - ол үлкен күнә. Досты да таңдай біл. Шын дос болады екенсің - ұстамды бол, оның қатесін, кемшілігін кешіре біл. Біреудің білместігін білмеген адам шын дос бола алмайды. Ал біреуге сенеді екенсің, артын күт. Сенімді ақтау - өте қиын сын, бұл екінің бірінің қолынан келмейді. Әсіресе сенің өзіне сенген адамның сенімін ақтау - бұл адамның ең ұлы қасиеті,- деген.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)