Үкілі Кәмшат
Үкілі Кәмшатдәйексөз қалдырды11 ай бұрын
[Әйел тәңірі - Ұмай ана]
Көк тәңірлерінің арасында аса мейірімді әйел тәңірлер де бар. Әйел тәңірлердің асқан құдіреттісі – Ұмай ана. Ежелгі Алтай түріктері аңыздарының айтуынша, адам баласын Ата тәңір Ерғұн мен Ана тәңір Ґмай жаратқан. Бүкіл адамзат солардың ұрпағы саналады. Әсіресе, ұрпақ өсіруде Ұмай ананың қызметі де, құдіреті де зор. Көкке табынған түрік әйелдерінің «Ұмайға сыйынсаң, ұл табасың» дейтін мәтелі бар. Сондықтан көне түріктердің нанымында – Көк жүзі (Аспан) де қасиетті кие.
Ұмай ананың құдіреті – адам баласына құнарлы топырақ пен тұнық су қайнарларын сыйлауы. Бұл екеуі де тіршіліктің көзі. Сондықтан Ұмай ана жер бетіндегі күллі өнімнің де Тәңірі саналады. Ол адам баласын алаламайды, бәріне де бірдей мейірім төгеді.
Мифтер
Ан­тро­по­гондық-ге­нео­ло­ги­ялық миф­тер
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды