inabathas quoted12 years ago
маған бұдан былай оқу оқып қажеті жоқ. Анам байғұсқа күйігімді тартқыза бермей адам болатын басқа бір жолды іздеп жоғалуым керек». Қаулы бір ауыздан қабылданды. Осы кезде ауыз үйден тысырлаған аяқ сыбысы, біреулердің сөздері естілді. Есікті тартқылап қаға бастады. – Қожатай, аша ғой, шыбыным... Түрегеліп барып есікті аштым. Әжем мен Әубәкір шал тұр. Көзқарастары бір түрлі үрейлі, жұмбақ. – Салаумәлейком, қария. – Саламат бол, балам. Сен немене, жападан-жалғыз есікті іліп алып отырғаның? – Жайша... Сабақ оқып отырғаным ғой. – Қожатай, мына атаңа тамырыңды ұстатшы, шыбыным, – дейді әжем. Шошып қалдым. – Неге? Не бопты?! – Түнде ұйқысырап, сөйлеп шығып едің. Кім біледі... Мына атаң ұстап көрсін тамырыңды. Өңің де бір түрлі балбырап тұрған тәрізді. Мен еріксізден күліп жібердім.– Әй, әжем, қараңғы әжем, мені ауру ғой деп тұрмысың? Ауру түгіл дәнеңем де жоқ. Сап-саумын. Әжемнің әжімді маңдайынан шөп еткізіп, бір сүйдім де, жүгіріп тысқа шығып кеттім. Шіркін, бүгінгі кеш қандай әсем еді. Ай жарық. Аспанның тұп-тұнық көк жібек шатыры бар жиһазын тағынып мөлдіреп тұр. Клуб жақтан гармонь үні, балалардың шуылдап ойнаған дауыстары естіледі. Бойымда керемет бір жігер оты лапылдап, солай қарай бет алдым. Ай нұрынан орнаған күміс көпір белдеулеп бет алдымда, ауылдың дәл іргесінде өзен жатыр жарқырап. Мөп-мөлдір мына ғажап дүние... «Ұш! Самға!» деп, Қолтығымнан қанат бітіретін, арман нысанасына қарай алып ұшатын тәрізді. Лаула! Лаула жігер оты! Самға қиял Құсы! Асығатыным да, аңсайтыным да ертеңгі болашағым.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)