inabathas quoted12 years ago
балығымызды бір нәрсе түгін қалдырмай жеп кетіпті. Бас сүйектер мен қылтанақтың жұғын-жұрнағы ғана шашылып жатыр. Не жеуі мүмкін? Ит пе, құс па? Қасқыр ма, түлкі ме? Басымызды қанша қатырып ойласақ та, байыбына бара алмадық. Әйтеуір адам алмағаны ақиқат. Адам бүйтіп, бүкіл балықты шикілей жемеген болар еді және ол торды да қоса әкетер еді. Ойламаған жерден жолыққан бұл жағдай бізді секемдендіре түсті. Шешініп тастап, тағы да тор сала бастадық. Міне қызық, кешегі өріп жүрген көп балық бүгін көрінбейді. Азайып қалғаны ма, жоқ әлде басқа жаққа ауып кетті ме? Еңбегіміз жанбады, мардымсыз азғантай ғана балық ұстадық. Бірақ оның рақаты кешегіден артық болмаса, кем болған жоқ. Жылымсыған тұзсыз құр балықты отқа пісіріп жегендей емес, картоп турап, қатырып сорпа жасап іштік. – Балық болса, жоқ. Енді не күн көреміз? – дедім Сұлтанға. – Қоян, қырғауыл аулаймыз. – Ол да жоқ қой.– Неге жоқ. Осы тоғайдың арасы толған қоян мен қырғауыл. Тіпті елік те бар. Бірақ оларды не таң азаннан өйтпесе кешкі салқында жайылымға шыққанда аулау керек. Күндіз олар қыбыр етпей бұта-бұтаның түбінде, шіліктің арасында жатып алады. Біз мынаған келістік: ертең күн – сенбі. Төсеніп-жамылатын бірдеңелерімізді алып, қонуға осында келеміз. Түней жатып, кешінде тоғайдан аң аулаймыз. Түнде қара жолға шығып, қарақшылық істейміз – жүргіншілерді тонаймыз. – Келістік қой? – Келістік.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)