inabat
inabatдәйексөз қалдырды5 жыл бұрын
Кенет өлеңнің соңғы шумағын көкейімде тағы бір қайталап айта бергенімде, «тоқта!» деген бір сұрақ көмейіме көлденең тұра қалғандай болды. «Бұл өлең сенікі емес тәрізді ғой?» дейді әлгі сұрау шұбаланып. «Енді кімдікі». «Ойланып көрші». Ойланамын. «Иә, шынында да... Кенет көзім бақырайып, тынысым бітіп қалғандай болды. Мәссаған! Әкем-ау, мынауым Абай өлеңі ғой! Дәл өзі. «Айттым сәлем қаламқас» деп басталатын Абай атамыздың өлеңі. Әркімнен ұрлап-қарлап ақын болу деген менің ойым түгіл түсіме кірмейтін сұмдық нәрсе. Өзімнің мына қылығыма төбе шашым тік тұрып кеткендей болды. Әрине, ұрлық дейді бұның атын. Жай ұрлық емес, әдеби ұрлық. Оны әлгі... не деуші еді... бірдеңе деген термині де бар. Әлгі арада ұшып түрегеліп, Абай атамнан ауысып кеткен шумақты сызып тастамақ болып бір тұрдым да, тағы ойға қалдым. Бұған, біріншіден, дәптер былғанады. Ал, екіншіден, Абай болса, ұлы ақын. Мен тәрізді жас талапкер оның бір шумақ өлеңін кәдеге жаратқан екен, одан ұлы ақынның шалқар мұрасы, немене, азайып қала ма? Мен оны бәрібір, баспаға ұсынып жатқан жоқпын. Сондықтан тұра берсін, сызбаймын. Сайып келгенде, Абай кім, мен кім? Екеуіміз де қазақпыз, екеуіміз де ақынбыз. Ақын – ақынға қарайласпасын, жәрдемдеспесін деп, еш жерде жазылмаған.
Бердібек Соқпақбаев
Менің атым - Қожа
Бердібек Соқпақбаев
Менің атым - Қожа
  • 436
  • 101
  • 3
  • 1
Қолжетімсіз
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды