inabathas quoted12 years ago
жібергендей жидіп түстім. Өз орныма бардым. Портфелімді алып, ақтара бастадым. Не іздегенімді өзім де білмеймін. Жүрегім дүрс-дүрс етіп, қабына соғады. Мисызбын-ау, мисызбын! Ештеңе ойлап табуды білмеймін. Қашан да басқалардың ісіне қызығып, қызғанып тұрам. Менің де басым жұмыс істейтін заман болар ма екен, болмас па екен. Портфелімді орнына қайта қойып, сыртқа шығып бара жатырмын. Жанар мен Жантас әдейі қарамауға, оларға мен де назар аудармауға тырыстым. Дегенмен, есіктен шыға беріп, көз қиығымды бір тастап өттім. Дәл осы минутта Жанардың да маған қабағының астынан сүзіле қарап қалғанын аңғардым. Көздеріміз бір сәтке түйісіп өтті. Қателеспесем Жанар күлімсіреген тәрізді болды. Маған күлімсіреді ме, жоқ әлде тыңдап отырған очерктің қызығына елтіді ме. О жағын мен талдап, пайымдай алған жоқпын. Жанар күлімсірегеңде, мен ашу шақырып, қабақ шытқандай бір қыр таныттым да, есіктен сыздап, тығылып шығып кеттім.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)