b4357286178has quoted7 years ago
Айтқанындай, ымырт жабыла, жұмыстан қайтқан Айша бір құмған шәйді алдына ала бергенде, әлгі сары жан алғыштай жетіп келді.
− Жеңеше, − деді масаң сары көңілді үнмен, − салық төлемепсің.
Сөйтіп, қайыс дорбасының қақпағын ашып, қара мұқабалы қалың дәптерді суырып алды.
− Так, так. А, міне: Бердімбетова Айша. Алты кило сары май. Отыз кило ет. Жүз жұмыртқа. Он кило жүн. − Содан соң, шегір көзі күлімдеп, − Еще бір шиша ар - а - ақ, − деп қыңсылады.
− Арақ та өкіметтің салығы ма? − деді Айша жақтырмай,
− Өзің біл, жеңеше, ішің білсін, әлуай. − Содан соң, ызғарлана қалып, − Білемін, түсінемін, − үйдің ішін тінткілей қарап: − Әлгінің бәрін бірден төлей алмайсың. Отсрочка. Біртіндеп төлейсің. Бір шиша арақ.
− Ай, шырағым, бұл үйде Мұртаза барда да арақ болған емес. Не деп тұрсың өзің?
− Сенің үйіңде болмаса, Жетпісбайдың үйінде бар, содан ал. Қазір төлей алмасаң, қарызға ал.
− Қарызын қайтіп төлеймін? Жетпісбай шал қарызға арағын көрінген адамға бере бермейді. Менің төлей алмайтынымды біледі.
Жалақ сарының шегір көзі ақшаң етті. Қамшысымен етігінің қонышын сарт еткізді.
− Онда салықты төле! Өкіметпен ойнама. Соғыс. Жеңіс жақын. Жеңіске тезірек жету үшін, өкіметке жәрдем керек. Салықты табанда төлеу керек.
− Берерімді бәрін беріп болғанмын. Қысты күні ана сенің алдыңда болған финагент Мұртазадан қалған жайнамазды да тартып әкеткен. Оны қайтесің десем, әскерге шұлғауға жарайды деді. Басқа не бар, іліп алар ештеңе қалмады. Жалғыз сиыр әлі бұзаулаған жоқ. Тусын. Сосын майыңды төлеймін. Екі ешкінің жүнін қырқып берейін. Тауық туса, жұмыртқаңды да төлейін. Ал енді етке менің езімді соймасаң, етке өткізер малым жоқ.
− Табасың!
− Қайдан табамын, шырағым? Үй өртеніп болған соң от та сөнеді ғой. Өйткені жанатын ештеңе қалмайды. Бәрін тауысып болдыңдар ғой. Енді салықта тыйылмай ма?
− Міне, бұл фашистерге жақ адамның сөзі. Демек жауды жеңуге жәрдемдескің келмейді. Ладно. Онда өкпелеме, ертең милиция ертіп келемін.
Милициядан үрейіміз ұшып қалған. Мен, қарындасым, інім, − бәріміз қосылып ұлардай шуладық.
− Өшір үніңді! − деді Айша бізге. − Тексіз немеге бола көз жасыңды қор қылма. Әкесі жаман еді. Ондай әкеден қандай текті
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)