inabathas quoted12 years ago
– Бақа әкел деген өздері көрінеді ғой. Бір Қожа емес, осында өзге балалар да мұғалім әкел деді, соямыз деп, көлшіктен бақа ұстап алып жүрген. Енді соның бәріне баяғы аты шулы Қожа кінәлі. – Сонда әкелген бақаны оған мұғалімнің сумкасына салып қой деп пе? – Әдейі салды деймісің, тарбаңдаған неме өзі кіріп кетті де. Оңбай кетейін, әжемнің сөзі мені елжіретіп жіберді. Балапанын қорыған мекиендей шыр-шыр етіп, сотқар немересін қамқорына алуын қарашы. Әй, жаным әжем, қайырымды әжем, менің кінәлі екенімді біле тұрып өстесің-ау. – Балаға қоруыш болғанның жөні осы деп, оның терісін де дұрыс, дұрысын да дұрыс деп, сіз бүлдіріп жүрсіз. Бір мезгіл жазғырып, қатал ұстасаңыз ол мұндай жолға түспеген болар еді, – деді мамам. – Менің Қожашым тірі болса, ешкімнен кем болмайды. Өсе келе өзі-ақ түзеліп кетеді. Сабырбек нағашысына тартқан. Ол да жас кезінде осы секілді шығаннан шыққан сотанақ еді. Бұл қайта оқу оқып, мұғалімдердің айтқанын орындап, кейде әтіншік боп жүр ғой. Ал Сабырбек нағашысы осындай күнінде молданы қақ басқа таяқпен бір салып қашқан болатын. Кейін есейіп, балалы-шағалы бола бастағанда, өзі-ақ түзеліп кетті. Қожатай да сөйтеді. Бала күнінде баланың бәрі тентек, – деп әжем шатынап ала жөнелді. – И-и-и-и, жарықтық-ай, – деп мамам қолын бірақ сілтеді. – Сіздің мына өсиетіңізді тыңдап өскен бала қалай оңсын.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)