b6731172447has quoted4 years ago
II ПЕРДЕ
Дала. Түн. Аулы шабылып тұтқында келе жатқан Айман-Шолпан. Барлық сән-салтанат, жасау, жабдығымен көшіріп келеді. Жарық айдың астында 3-4 ақ шатыр. Аспанда жұлдыздар, бір-екі жерде жағылған от. Айналасында қарауытқан адам, Көтібардың қолы. Әр жерде тасқа сүйеген найза-шоқпар. Шатырдың біреуі Айман-Шолпандікі, бергі үлкен шатыр. Екіншісі Арыстандікі. Үшіншісі әрірек Көтібардікі.
Айман, Шолпан шатырларының алдында, биік орында қалғып отырады. Иықтарында жібек шапандары, бастарында кәмшат бөрік.
I көрініс
Айман (Басында жалғыз айтады. Ән).
Сұм дәурен қайда баттың сайрандаған,
Қызықты күнім қайда жайраңдаған.
Жағаға толқын ұрып, демін құрып,
Ақ шабақ болғаным ба қайраңдаған,
Іште дерт, мыс қазандай жай қайнаған,
Жолы боп жаудың жүзі жайнаңдаған.
Толас жоқ, әлі есітем әкем даусын,
Артымда күңіреніп, Аймандаған.
Балаңды жау әкетті жалмаңдаған,
Жаныңда қошеметші қалбаңдаған.
Үріккен осы еді ғой апам сорлы,
Есітем, үнің келеді Аймандаған.
Шолпан екеуі. Баласы ек
Маман байдың мыңды айдаған.
Қызығын көл дүниенің ел жайлаған.
Сұр жорға, қара жорға теңселдіріп,
Тұрманға меруерт, маржан, зер байлаған.
Қан базар шашылдың ба гүл жайнаған,
Өсіп ек қаққы көрмей жау жайлаған.
Шабынды олжасы боп, құлын тайдан,
Тұғыр боп, кетеміз бе жау жайлаған.
Аз тымтырыстан соң зарлы үн шығады.
Айрылу зарын ескі бәйітпен айтып келе жатқан өзбек жігіті... Сахнаға шығып, Аймандарға жақындап келіп, тұрып тағы жырлайды.
Айман.
Не айтады екен, Бұл байғұс!?
Үні қалай шерлі еді!?
Шолпан. Қу Көтібар зарлатқан,
Бұ да біздей сорлы еді. Айман.
Басқа бір дерті бар шығар.
Болмаса бұл сапарға,
Күйіндім, біттім дер ме еді!?
Шолпан. Сапар ғана дейсің-ау,
Көрем деген жер ме еді?
Әттең. ұл боп тумадым.
Кеудемді құса кернеді...
Өлер-ақ ем бүйткенше,
Тілекті құдай бермеді...
Айман.
Қойшы, бүйтіп сөйлемей,
Егізде туған бауырым,
Күйігің мені тербеді.
Жарас.
Қосылдым-ау, мендағы,
Үндеріңді есітіп,
Шын маңдайым терледі.
Айман (Жарасқа).
Ақыл айта, табарың бар ма, жаным-ау?
Қысылдық қой.
Жарас.
Ең әуелгі ақыл, иықтарың түсірме! (Аяғын кердеңдеп басып.) Әншейін үнемі былай кердең бас аяқтарыңды (Шолпан күліп жіберді соған қарап.) Міне, осының дұрыс, сен күліп тентектене бер. Шолпан. Ой, жынды (Күледі.) Жарас Міне, міне бәрекелді, бұның әмбе дұрыс. Айтам ғой осы, түбі сен мал боласың.
Айман. Қойшы, қылжақты, тіпті ойының қанбайды екен.
Жарас. Жоқ, Айман жан, шын айтам мұны, осы паң болып, елеме ештемесін. Шыбын шаққан құрым көрме (Көлбектейді. Шолпан қозғалғаңда, Айманға жылдам жақындап кеп.) Онан соң, онан соң тағы бір ақыл бар (Айман аңырады.) Тап со жерді ойласаң өзің табасың. Айман (дәмеленіп жайланып). О не? Жарас. Е, кәні, кәні... Ойла, ойла!
Айман. Алыс па, өзі жақын ба?
Жарас. Тәңірі, алысты қайтейін қолға түспейтін!
Айман. Енді қайда?
Жарас. Я, ойлашы, ойлашы осы айналада. Айман. Осы айнала? Ұқпадым. Жарас. Ал, міне жағалай терейікші! (Саусағын санап.) Байбатша ма? (Айман басын шайқайды.) Рас, оның қолынан не келеді. Шолпан ба? (Айман түңіледі) Жо, о да болмайды. Ал, мен бе? (күліседі) Ж
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)