Аружан Гинаятова
Аружан Гинаятовадәйексөз қалдырды3 ай бұрын
өзге балалар «тілазар, кәпір, бармайды» деген атпен құтылып қалатын болып, Иса мен Қадишаның бейілді қабағына ырза болатын күйге келген Қасым тезек теретін болды. Малдан кешке келіп сүрініп-жығылғанда болмаса Қасымға бостандық, еркіншілік жоқ еді. Кейде Иса өз балаларын: «Олардың малы жоқ, малдың иесі — Қасым» — деп қойып, олардың еріншектігіне өзі құрық беріп, Қасымның бишаралығын ашық арамдықпен қақпай қылып та қояды. Бұл хәлдің барлығы сорлы жетім көңілінде күннен-күнге өткен сайын арылмастай үлкен у болып жиналып жүрді. Қасым енді барлық өзіне қарсы арналған арамдық, өгейлік құлықпен кәпірстан мінезді қабақтан, жарты сөзден ұғатын болды. Тұрған ауылында бір
Жетім, Мұхтар Әуезов
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды