Аяулым Ибраеваhas quoted7 years ago
Өтіріктің залалы
Үш кісі жаланға шығын, күн бойы құс аулап, жалғызақ шүрегей үйрек атып алыпты. Кешке бір жерге келіп отырып сөйлеседі: бұл үйректі үшеуіміз жеп тоймаймыз біреуімізге жөні болмайды деп. Ішінде біреуі қу жігіт екен бұл айтты:
- Оған ақыл табылады. Үйректі пісіріп жауып қоялық та, үшеуіміз де жатып ұйықталық, қайсымыз жақсырақ түс көрсек, үйректі сол жесін,- деді.
Осыған сөз қойысып, үйректі пісіріп жауып, өздері жатып ұйқтағанда, манағы қу тұрды да үйректі жеп алып, табағының үстін әуелгіше жауып қойды. Ертең жолдастарымен бірдей тұрып қу сұрады:
- Не түс көрдіңіздер? - деп.
Біреуі айтты:
- Мен ақбоз атқа мініп, алтын тәж киіп, көкке ұшып жүр екенмін.
Екіншісі айтты:
- Мен ұшпаққа кіріп, хор қыздары маған қызмет етіп жур екен.
Сонда қу айтты:
- Екеуіндікі де рас, мен түсімде сендерге қарап тұрып едім, бірің патша болып көкке ұшып кеткен соң, енді бірің ұшпаққа кіріп кеткен соң, бір шүрегей үйрекке бола қайтып келіп жа
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)