b8645211927has quoted8 years ago
Мен осы бір нәрсеге таң қаламын, — деді сұқ саусағын шошайтып. — Неге біз осы өтірік сөйлейміз, өтірік күлеміз, қысқасы — өтірік өмір сүреміз, а? Неге біз осы өзіміздің бұл әлемге артық, түкке де керегіміз жоқ бейшара мүскін екенімізді мойындамаймыз. Қазір жоқ болып кеттік делік. Сен де, ей орыс, сен де, ей қазақ... Жоқпыз... дүниенің қылшығы қисая ма? Қайта Ұлы мәртебелі табиғат-ананың организмі тазарар еді, көк жөтелден сауығар еді... Білем-білем, «сен неге тірі жүрсің?» деп, сұрағалы отырсыңдар. Мен... мен... осы қарапайым ғана қағиданы сендерге түсіндіру үшін жүрмін. Осы күйкі тірлікке душар қылған мына мені атарға оқтары жоқ сендер, мен... сендерге ерегесіп, ыза болған соң амалсыз ішем..
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)