kairatasauhas quoted7 years ago
БІРІНШІ БӨЛІМ
(Роман)
СҮЙГЕН ЖЕР
(Бүркіттің бірінші дәптерінен)
Туған жер, ешнәрсе жоқ сенен ыстық,
Себебі,— сенде туып, сенен ұштық!..
БЕТ АШАР
«Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа» деп ақын ата Абай айтқандай, күні кеше ғана «баламын» деп жүрген мен де, міне, он жеті жасқа кеп қаппын!..
Бірақ, бұл жылдар, маған таныс кейбіреулердің өмірі сияқты босқа өтпей, аз ғана жасымның өн бойына, қан берекесіз шұбырған жан-жануардың, ізіндей шым-шытырық шимайларын қалдырыпты.
Бұл бетімде қандай тиянаққа барып тірелерім әзірге мәлімсіз болғанмен басымнан өткерген оқиғаларды, ойым жеткенше, естелік есебінде жазып тастағым келді. Кім біледі, мүмкін, мұның да кәдеге асар күні болар!..
Жазушылар бұндай сөздерін, әдетте, «Бет ашар» деп атайды. Менің де бұл бастама сөзді солай атағым келіп отыр. Оным жазушыларға еліктеуімнен емес, жазғалы отырған сөздерімде, естеліктің ғана емес, өзімнің де сана-сезімімнің беті қалай ашылуын сипаттағалы отыруымнан.
«Түбінде кәдеге аса қалса» деген оймен, естелікті оқушылармен әңгімелесу түрінде жазам.
1. 15—VII—1926 ж.
1. ТУҒАН ЖЕРІМ ТУРАЛЫ
Құрметті оқушылар!
Туған жерін жақсы көрмейтін адамды кездестірмеген боларсыздар. Ал, мен өз туған жерімді солардың бәрінен артық сүйетін сияқтымын. Егер солайша сүймесем, осы жазғалы отырған естеліктегі оқиғаларға ұрынбаған да болар ем. Ол оқиғаларды баяндаудан бұрын, туған жерімнің қалпы келбетін көз алдарыңызға елестетіп қойғым келеді.
Біреулер туған жеріндегі асқар тауымен, біреулер қиыр қара көк теңізімен, біреулер долы өзенімен, біреулер қалың, жынысты орманымен мақтанады. Мен туып өскен жерде бұлардың біреуі де жоқ.
Менің жерім — қай жағына қарасаң, да аспанмен таласқан жиегіне дейін көз тоқырар қыраты жоқ, «Торғай ойпаты» аталатын жап-жазық дала. Біздің ауылдан ат, я түйемен шығып, осы кең даланың қай жағына жүрсең де, «қала» аталатын қоныстың ең жақын жағына бір жұмада әрең жетесің, алысына кейде жұмалап, кейде айлап сапар шегетінің болады. Өйтпегенде ше?.. Бұрын «Торғай уезі» аталған жердің өзіне, Бельгия сияқты бес мемлекет еркін сияды екен!..
Осынша кең жердің жалпақ шөлінде «Адасқандарға белгі болсын» дегендей, ойларының алшақтығы атпен әлденеше күнде әрең жетерліктей боп, кейбір сүйреген шоқылар тұрады. Солардың ішінде ең ірісі — біздің ауылдар жайлайтын «Қызбел» белесі. Бұл ат бұл белеске жайдан-жай берілмеген: жазық далада сағымды күндері алыстан мұнартқан оның түрі, шалқасынан көсіле жатқан қыздың денесіне ұқсайды!.. Осы «дененің» кеуде тұсына қатарлана өскен екі тас діңгекті, тұрғын ел «Қыземшек» деседі...
Бүкіл Торғай жерінде — «Торғай», «Жыланшық», «Бұланшы» аталатын, аралары алшақ үш-ақ өзен бар, олардың да суы көктем кезінде ғана тасып
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)