Еркегүл Төлеубекhas quoted5 years ago
Өмір деген бір жұмбақ құбылыс қой. Мен бұл туралы көп ойладым, көп толғандым, бірақ күн өткен сайын ол маған тіптен түсініксіз бола түскен. Біз бәріміз неге оған соншама құлай береміз. Шындығында, біз өліп-өшіп сүйген өмір дегеніміз ─ әншейін бір ойын емес пе, ол ойыннан түптің түбінде ұтып шыққан кім бар! Өмір сүру атымен ғұмыр бойы ит болып еңбек етесің, жаныңды шүберекке түйіп тәуекелге барасың, бұның ортасында қаншама қайғы-қасіретің, азабың мен бейнетің бар. Осы да қызық па? Осы да өмір ме? Жоқ өмір сүру ─ тозақ. Туғаннан ─ өлгенге дейін. Өйткені адам жылап туады, жылап өледі. Сөйте тұра және ешкім оңайлықпен, өз еркімен өлгісі келмейді. Егер көзіңді ашып қарасаң, мұндай ит тірліктен өлім әлдеқайда артық қой. Жоқ бәрібір біз өмірді жақсы көріп, өлімге нәлет айтамыз. Бұны қалай түсінеміз өзі!? Бұл неткен жұмбақ сонда
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)