Nurgalym Khabidollahas quoted8 years ago
жаратылысы туралы неғұрлым бастапқы мәселені қоюды талап етеді дегенімен келіспеуге болмайды. Адам жаратылысын түсіндірудің әр түрлі үлгілері гуманизм мәнін әр түрлі түсіндіруге әкеледі. Табиғатшылдық, социологизм, тұлғалық, діни антропология және т.б. гуманизмді түсіндірудің әртүрлі нұсқамасына алғышарттар жасайды. Метафизикалық онтология, гуманизмді Хайдеггер есептейтіндей, болмыстың адам жаратылысына қатынасын анықтамастан баршылықтың бірқатар презумпциясынан анықтайды. Бұның салдары «адам жаратылысының жоғары гуманистік анықтамалары адамның өзіндік қадір-қасиетіне дейін әлі де жете қоймауы» 233болады.
Болмыс ақиқатындағы адам жаратылысын ойластыру мұнымен бірге гуманизм сөзінің мағынасын ой елегінен қайта өткізу және оған осылайша «гуманизм жасырылған, сондай-ақ онымен бір мезгілде өрістетілетін сол метафизикалық субъективизмнен асып түсетін мағынаны қайтару болып табылады.
Бұндай қайтадан ой елегінен өткізу гуманизмге шешуші маңыз береді. «Жоғары мағынадағы «гуманизм» осы емес пе екен? Әрине. Бұл – адамның адамдығын болмысқа жақындығы бойынша ойлайтын гуманизм. Бірақ та бұл негізіне адам емес, адамның тарихи жаратылысының болмыс ақиқатындағы қайнар көзі қойылатын гуманизм» 234.
Болмыс ақиқатынан өріс алатын, бұл кезде өз болмысының қайнар көздерін сақтаушы, болмыс жарығындағы түр-қалпын қамқорлықпен қорғаушы адам жаратылысы – міне, гуманизм дегеніміз осы. Гуманизм – ерікті адамның жеңіл емес жолы және бұл гуманизм гуманизмді басқаша түсінудегі өзінің қарама-қарсы түрімен қақтығысқа түсуі мүмкін.
Хайдеггердің гуманизмге сыншыл көзқарасын оның оппоненттері антигуманизм ретінде бағалауы кездейсоқ емес. Сондықтан антигуманистердің қатарына Ф.Ницше де есептеледі, Ницше «Құдайдың өліміне» кінәлі тәрізді.
Хайдеггер өз позициясының мағынасын Dasein талдаушылығы Құдай болмысы мәселесін алдын ала шеше алмайтындығынан және оның атеистік тәсіл екендігінен көрді. Болмысқа трансценденция ретінде көңіл аудару неғұрлым бастапқы болып табылады, өйткені «трансценденцияны
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)