Динара Жанабаеваhas quoted9 years ago
Кіріспе орнына

Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шындықты айтып отырмын – әттең жазушы болсам деген арман менің көкейіме ерте ұялады. Үшінші, төртінші кластарда оқып жүргеннің өзінде-ақ ақындық даңқым мектептен асып, бүкіл ауылға жайылды, «ақын бала» атана бастадым.
Бұл сөз бастапқы кезде менің жаныма тікендей қада­лушы еді. Сосын мен мынандай ойға келдім. Талант деген адамға туа бітетін нәрсе. Мен оны ешкімнен сұрап немесе ұрлап алған жоқпын ғой. Олай болса, тағдыр басқа салған соң көнбеске амалым қанша.
Жалпы, үлкен ақындар өлеңді тек шабыты келгенде ғана жазатын көрінеді ғой. Ал менің шабытым қа­шанда қаламымның ұшында жүретін секілді. Тек уақыт тауып отырсам болды, көсілтіп жазып тастаймын. Ол ол ма, кейде тіпті жаңа бастаған дәптерді тез толтыруға асық болып, бүгін пәлен шумақ өлең жазамын деп, жос­­парлап алып та жазамын.
Адам деген өседі ғой. Мен көпе-көрнеу шарықтап өсе бастадым. Өлеңдерім класс, мектеп қабырға газет­терінде тоқтаусыз жарияланатын болып алды. Тіпті мен өзім ұсынғанды қойып, олар өздері жалынып сұрайтын­ дә­режеге жеттім. «Май туралы бір өлең жазып бере қой­шы», – дейді. «Неше шумақ болсын?» «Төрт шумақ», «Жа­райды». Сабақ үстінде отырып-ақ жазып тастаймын. «Тәр­тіп жөнінде бір өлең жазып бере қойшы». «Клас­­та қалғып­ отыратындар жөнінде бір сықақ өлең сүй­кеп жібермес пе екенсің? Бірақ бастан-аяқ жа­ғым­сыз­ болып жүрмесін. Әуелі қалғымай сергек отыратын бір ба­ланы сыпаттап ал. Мінеки, осы секілді заказдар отряд,­ класс қабырға газеттерінен қарша борап түсетін болды.­
Бұның бәрі бір кезде мен үшін зор қуаныш, дәреже­ еді. Бірақ бертін келе үйреншікті нәрсеге айналды да, қанағат болудан қалды. Өлеңдерім неғұрлым көп жа­рия­ланған сайын соғұрлым назар аудармайтын, селт етпейтін болып алдым.
Адамды, меніңше, арман жетелейді алға қарай.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)