Жанка Манатовнаhas quoted5 years ago
Анадай жерге самолет келіп дөңгелек аяғын тіреді. Қап-қара дауыл бұрқ етті. Самолет секеңдеп біраз жүріп, бері бұрылды. — Е, шыннан менің шақырғанымды естіген екен ғой, — деді қыз құмға бір аяғымен тізерлеп тұра беріп.

Самолет гүр-гүр етіп бір нәрсе айтпақшы болған сияқты еді, қона бергенде тамағына құм кіріп кетті ме, қақалып қалды да — тоқтады.

Ұзын бойлы ұшқыш жерге түсіп:

— Амансың ба, айналайын! Атың кім? — деді.

— Менің атым — Раушан, — деді қыз.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)