Динара Жумалиеваhas quoted7 years ago
"Әрбір қимыл — қарсы қимыл тудырады" тірлікте.
Егер қарын байлығынан рухымыз пәс тұрса,
Ұқсас, тектес жебір ойлар бір бағытта асқынса,
Қоғам қалай ұстамақшы әділ ойдың шылбырын,
Жан байлығы саяз күштер жек көреді бір-бірін.
Олар қазір заманды алдап, заңдастырып әр ісін
Қорғамаққа құлшынады аңқау елдің намысын...
Оян, Данте, Фирдоусидің және Абайдың айбыны!
Бөгей алмау ғасырға сын бұл тасқынгөй қайғыны.
Қол қусырып көнеміз бе,
Үнсіз жата береміз бе,
Робот - түйсік арқаланған,
Мейрімі тұл жарты адамдар
Жердің бетін түгел жаулап жеңгенше?..
Дөңбекшиді көңіл - ғалам,
Бүгін өлу жеңіл маған,
Осы рухсыз жеңістердің ертеңіне сенгенше...
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)