inabat
inabatдәйексөз қалдырды5 жыл бұрын
өзімнің де оңатын қылығым жоқ қой. Тым құрыса, бір жақ шетке таман қағаберіс тұрсамшы. Кимелеп алға шығатын не әкемнің құны бар десеңші. Қысылғаннан маңдайымнан бұрқ етіп, тер шығып кетті. Енді балалар басы Жантас қу болып, мені күлкі ететін болды. Кенет басымда қуанышты бір ой жалт ете қалды. Ура! Ақыл табылды. Суреттің астындағы жазуын сиямен танылмастай етіп, өшіріп тастаймын. Сонан соң құйынша зырлап, бүкіл ауылды аралап көрсетіп шығуға болады. Тфу, неткен ақымақпын. Газет осы бір ғана дана болып шығып па екен? Қазір оны балалардың бәрі алып, оқып жатқан шығар. Айтып, айтпай не керек, осы сурет мені талай тәлкекке жем қылды. Бірақ біраздан соң мен де мойымайтын болып алдым. Балаларға: «бәлем, енді мені жазда колхозда жұмыс істеген жоқ деп, айтып көріңдерші. Айта алмайсыңдар. Менің жұмыс істегеніме «Қазақстан пионерінің» өзі куә, деп кеудемді қағамын. Республика жұртшылығына мен осылай танылдым.
Бердібек Соқпақбаев
Менің атым - Қожа
Бердібек Соқпақбаев
Менің атым - Қожа
  • 436
  • 101
  • 2
  • 0
Қолжетімсіз
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды