maral0296has quoted10 years ago
басқа Қожа Қадыров шығар» деуден де тайынбас. Күндердің бір күнінде тәуір деген бір топ өлеңімді жотадан басып жүріп, таңдап алдым да, тәуекел деп, Алматыға, «Пионер» журналына айдадым. Менің астананы өлеңмен бомбалауым осылай басталды. Бірақ, неге екенін білмеймін, сол өлеңдерімнің бірде-бірі жарияланбады. – Енді мен тағы бір қулыққа бастым. Әлгі «Пионерге» жіберген өлеңдерімді қайта көшірдім де, «Қазақстан пионері» газетіне айдадым. Мүмкін соларға ұнап қалар. Жоқ, бұл әдісімнен де түк шықпады. Жіберген өлеңдерімді олар да жаратпады. Бұған жасыған мен жоқпын, қайта ширыға түстім. Бір-екеуіне ғана жіберіп, өзгелерін құр тастасам, өкпелейтіндей-ақ, енді өлеңдерімді көп дана етіп көшіріп, өзіме аты мәлім газет-журналдарға түгел жібере бастадым (Сондағы қарау ойым: бірі баспаса, бірі басар). Әлгідей етқызу үстінде бір топ өлеңім «Үгітші блокнотына» кетіп қалған екен, соңынан редакция өлеңді қайда ұсынуды білмейтін адамнан қандай ақындық шықпақшы деп, өзімді бәлем, келемеждеп жауап жазғанда, ұялғаннан жерге кіріп кете жаздадым. Менің бір риза болатыным – өлең жіберген жердің қай-қайсысынан да жауап келеді. «Жалпы алғанда, ақындық қабілетің бар көрінеді. Бірақ әлі де болса көп ізденіп, көп оқып, үйренуің керек»... деген тәрізді үміт ұшқынын тастай жазған жылы жауап алсам, төбем көкке екі елі жетпей қалады. Шекесіне редакция маркасы қондырылған мұндай хаттарды балалардың бәріне мақтанып көрсетем. Білсін менің кімдермен байланысым бар екенін. Ал кей хаттардың сөзі қаталдау да, аяусыз боп келеді. Аты мәлім ақынның бірі өткен күзде «Саған өлеңмен бас қатыруға әлі ерте сияқты. Өлеңдеріңнен өзіндік ештеңе таба алмадым», – деп жазыпты. Бұл мен үшін төбемнен тас құлағанмен тең болды. Осы секілді ұнамсыз жауап алсам, оны өзгелерге көрсетпек түгіл, мектептегі ақындық даңқыма нұқсан келтірер деп, табанда жоямын. Ақыры редакциялардың қай-қайсынан да көңілім қалып болды. Соларға өлең жіберем деп, конверт, марка сатып алып, қанша ақшам қарап болды десеңші. Одан да соның бәрін жиып, конфет алып жесем ғой, мықтап бір жырғамас па едім. Мейлі, баспаса баспай-ақ қойсын. Оған бола мен арман еткен нысанамнан, сірә да, жалтармаспын. Солардың ызасынан енді міне өлеңді қойып, соқталдай повесть жазғалы отырмын. Бәрі кітаптағыдай болу үшін оқиғаларды тарау-тарауға бөлемін де, әр тарауға ат қоямын. Өтірік ештеңе қоспаймын.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)