Динара Жумалиеваhas quoted7 years ago
Адасқандай тылсым нудан,
Біз олардың кір су құйған
Жүрек пен ой айнытатын құбырына тап болдық,
Тіпті аз жылда қолда барды жоғалтуға шақ қалдық.,
Ұлы Ғабит Мүсірепов — қара сөздің кемелі,
Бүткіл қазақ рухының айдары мен беделі,
Тіршілікпен қоштасатын ең соңғы сәт соққанда,
Өлімін де айналдырып зор мазмұнды мақтанға,
Жазбай қайсар сенімінен,
Діріл қаққан ерінінен,
Қанатты ойын келер күнге аққу етіп оздырған,
Елге арнаған ақтық сөзін маған айтып жаздырған:
"Шын өнерді басынса да жеңе алмайды асқазан,
Шырқау рух аспанында басқа мүдде, басқа заң.
ҒАСЫРДЫ ACAP ӘДЕБИЕТІ, ӨНЕРІ ҰЛЫ БОЛМАСА,
ҰЛТ ДАРАЛЫҚ ТАБА АЛМАЙДЫ
ЖӘНЕ ҰЛЫ БОП САНАЛМАЙДЫ ЕШҚАШАН.
Әp жүз қойдан кезінде біз үш жүз қозы алғанбыз,
Ғарышқа да құлаш ұрып, Айға түрен салғанбыз.
Бас, қазір күллі әлемде байлыққа ауды есіл дерт,
Байлығы озса, мысықтар да жолбарысша көсілмек.
Бес жүз қабат үй салу да емес бүгін боз елес,
Ақшаң болса "маймылды" да бастық сайлау сөз емес.
Адамзаттың бар тағдырын енді ақша шеше ме?
Қарындарды — тек өз қамын ойлаған,
Ғалымдарды — қан төгуге тоймаған
Ұрпақтары үлгі тұтып, орнатуда кесене.
Әділдікке деген сенім бірте-бірте өше ме?
Жол бар ма екен аман өтер пенде - мүдде орманнан,
Адамдықтың салтын қайттік, даңқын қайттік қорланған?
Бүгін неге рухсыздық секілді зор батырлық?
Ізгіліксіз батырлықтан зардап шегіп жатыр жұрт.
Ньютон ашқан үшінші заң нені үндейді, білдік пе?
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)