Балнур Сайфуллаеваhas quoted4 years ago
Жәуетай, Қалдашбай— тобықты жігіттері.

БІРІНШІ АКТ

Бірінші сурет

Абыз мекені. Қоңыр, күңгірт үйде күңгірт сәуле. Ауыр мұңға батып Абыз отыр. Қолында қобызы. Жаңа ғана күй толғап тоқтаған.

Абыз. «Көкей кесті», «Көкей кесті» күй не дейсің? Уа, не қыл дейсің? Тынбаған көңіл, талмаған көкей (жымиып) күшік!.. (Қобызына жағын сүйеп, ырғала толғанып.) Пак пәруәрдігәр!.. Бе-еу! (Ыңыранып, Асан қайғының күйіне үн қосып.)

Құйрығы жоқ, жалы жоқ,

Құлан қайтып күн көрер!

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Жылан қайтып күн көрер!

Ащы зарлы Асан сен ең, алыстан сарын қосқан Нысан мен ем...

Тұнығым ылай болды,

Уа, тұнығым ылай болды,

Қуғыншым құмай болды.

Құтылар қайран жоқ,

Сор қамар сынай болды.

(Асанша толғап)

Алданар жоқ, арман көп,

Кәрін қайтып күн көрер!

Жарастық жоқ, жалын жоқ,

Жарым қайтып күн көрер!

Барары жоқ, байлау жоқ,

Ерім қайтып
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)