b8645211927
b8645211927дәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
Ерік тым ақылды, таңдайы тақылдаған білгіштерді суқаны о баста сүймейтін, тіпті Алматыда оқып жүрген кезінде де, суырылып алға шығып шешенсігендерді, аузы-басы көпірген білгішсінгендерді иттің етінен ары жек көретін, реті келсе сөзбен қағытып, немесе қара күшке салып оңашада мытып-мытып алатын. Мейманасы тасығандардың мысын басу, басына бақ қонғандарды басындырмау үшін жаралғандай, ішегіне қыл айналмайтын қызғанышпен тарылып, қайтсе де мұқату, тым болмағанда мұрнын қанатсам деп, қаны қайнап өштікпен жауығатын. Ерік әлемдегі бір де бір жеңісті, бір де бір атақ-даңқты, жекелеген адамдардың адамзатты таң қалдыратын ерлігі мен табысын мойындамайтын. Мойындамайтын себебі: ондай озық шыққан ғажаптарды мәңгілік деп есептемейтін, бәрібір түбінде басқа біреу
Орал­хан Бо­кей. Атау-Кере
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды