Ли Еи-Тоhas quoted5 years ago
Бірнеше жылдар өткеннен кейін мен ауруымнан мүлде айыққан кезде, менің бұрынғы жетекшім Гильом, Париж архидиаконы, бұрынғы киім-кешектерін ауыстырып, жеткізгендей бұрынғыдан да тақуа болып көріну үшін және соның арқасында діни атақтың неғұрлым жоғарғы сатысына тезірек көтерілу үшін уставты канониктер қатарына қосылды. Бұл мақсатына өте көп ұзамай жетті, ол Шалон епископы болып тағайындалды. Бірақ жаңа киім (оның діни атағына сәйкес), оны Парижден алыстатпады және үйреншікті философиямен айналасуынан көңілін басқа жаққа аудармады, ол бірден әдеттегідей оқыту ісіне кірісіп кетті. Мен оған риторика курсын тыңдау үшін оралдым және де бірнеше пікір таластың нәтижесінде, оның дәлелдерін дәйекті түрде жоққа шығарып, универсалийлер туралы бұрынғы өзінің ілімін өзгертіп, тіпті одан бас тартуға мәжбүр еттім. Жалпы ұғымдар туралы ол төмендегіде
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)