Rabiga Aitkenovahas quoted6 years ago
ӘКЕ АМАНАТЫ
(Еске aлy)
Аттанарда алыс жолға,
Тапсырды әкем аманатын.
Серт етіп мен де алдым қолға,
Әкемнің берген асыл затын.
Сұстандырған суық лебі,
Соғыс жылы, қыстың кезі.
Әкемнің сонда аймалап мені,
Аманат еткен мынау ед сөзі:
"Тыңда, балам! Тыңда, күнім!
Болуға жара қолқанат.
Кәрі апаң, сәби інің
- Барлығы саған аманат!
Мен де сенің он жасыңда,
Атадан жетім қалғанмын.
Аса ақылды болмасам да,
Аманатын алғанмын!
Санамда сіңіп сақталып,
Әкенің сөзі өлмеген.
Болғанша қашан ақталып.
Тұратын бел боп көлденең.
Талпын өмір шыңына,
Жетіп те, мүмкін, қаларсың!
Анаңның ауыр мұңына,
Сергіткіш себеп боларсың!
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)