inabathas quoted11 years ago
Қиырдағы барса келместің аралына бекініп алғандай ауылдың дәл іргесіндегі тоғайдан күрке сайлап, оны жан адам таба алмайды деп жүрген біз неткен ақымақтармыз... Жалпы, қарақшы дегеннің өзі осы кезде ақылға сыя ма. Қарақшылар бұрын байларды, көпестерді тонаған. Біз кімді тонамақшымыз. Тонамақ түгіл осы күні біреуге қолыңды көтеріп көрші. Милиция апарып, көзіңді жылтыратып, қамап қойсын. Қарақшылық өмірі жайында Сұлтан екеуіміз енді осылай топшыладық. Семіз қаздың еті бір-ақ салып асуға шелегімізге сыймады. Екі бөліп асып, әзер жеп тауыстық. Арасында балық ауладық. Суға түстік. Бүлдірген теріп жедік. Сонымен күнді батырдық та, ыдыс-аяқ, торымызды артынып-тартынып, қас қарая үйге келдік. Бұл біздің қарақшылық өміріміздің бірінші және ең соңғы күні болды.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)