Арай Рахимоваhas quoted9 years ago
жасқа толғаннан ке­йін, бала өзіне қандай есім ұнаса, соны таңдап алады. Міне, әділдік деген. Осы дұрыс емес пе?
Жарайды, өткенге өкініш жоқ дегендей, істің тура­сына келелік. Менің атым Қожа. Көріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес.
Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген­ екен. Туу куәлігінің өзінде солай деп жазылған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола беретіні тәрізді, бертін келе «Қожабергеннің» құйрығы үзіліп тү­сіп қалыпты. Бұл құбылыстың дәл қай жылы, қай айда, қай күні болғанын тап басып ешкім де айтып бере алмайды.
Сонымен мен өзім ес білгелі Қожамын. Ауыл-аймақтың бәрі солай атайды.
Біз бір класта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың үлкен баласының аты да Қожа. Оқушылар екеумізді шатасты­рып алмас үшін өңімізге қарап, мені Қара Қожа, оны Сары Қожа деп атайды.
Әуел баста мен бұған да шамданып қалатын едім. Бі­рақ жүре-бара құлағым үйреніп, дағдыланып кеттім. «Қара Қожа» дегендерге «әу» деп, жалт қарайтын болдым.­
Жантас тәрізді қужақтар осының өзін де дұрыс айт­пайды, әдейі бұзып, келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Мен байқамай қалып «әу!» деймін. Бірақ бұл қылығы үшін, бейшараның обалы не­шік, тиісті сыбағасын менен талай рет алды...
Фамилиям Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрттың бәрі «ов» болып жатқан­да менің олардан ала-бөтен жырылып шыққаным жара­мас дедім де, «Қадыровқа» қайтып келдім.
Қадыр – менің әкем. Ех, шіркін дүние-ай, десейші! «Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық. Балалар менің әкем өйтті, менің әкем бүйтті. Менің әкем ананы сатып­ әперетін болды деп, менің әкем мынаны сатып әперетін болды деп, мақтаныш етіп
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)