inabathas quoted12 years ago
Сүгір мені шошытып қойғысы келді ме, жоқ әлде шынымен ұрмақ болды ма, атын тебініп, қамшысын тік көтеріп, ұмтыла берді. Жалт беріп, жаппаға қайта сүңгіп кеттім. Ойнақшыған қызыл ат жаппаны омырауымен қағып, енді бір тебінсе тіпті басып, таптап өтуден тайынар емес. Сүгір босағаны қамшымен сарт еткізіп, бір тартып қалды. – Ерін ал да, қоя бер ана атты! Маған берген бұйрығын Сүгір өзі орындады. Мама ағашта байлаулы тұрған аттың ерін алды да, анадай жерге тарс еткізіп тоқымын шашып, лақтырып тастады. Сонан соң аттың жүгенін сыпырды да, сауырға бірді салып, айдап жіберді. Еркіндік алып рахатқа батқан ат құйрығын желбірете тігіп, пырт-пырт жел шығарып, қуана кісінеп, ойнақтап тартып отырды. Қарына ілген құрығы жер сызып, оның соңынан алды-артына қарамастан Сүгір жосылтып жөнелді. Жығылған үстіне жұдырық – зығырданымды қайнатқан Сұлтанның қылығына мынау қосымша болды. Қара жаяу қалды деген осы. Мамама сыр бермейін деп, ер-тоқымды әкеп босағаға жиып қойдым. Кешқұрым мамамдар келді. Ол әлі де ештеңе сезе қоймаса керек. – Сендер неге ерте кетіп қалдыңдар? – деп сұрады. – Шаршадық, шаршаған соң кетіп қалдық...
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)