inabathas quoted12 years ago
– Мамам келгенше үйде болып, әжеме көмектесем. Майқанова апай лагерьге келесі кезекке жолдама берем деді. Жанар осыны айтты да: – Қожа, менің әжем үйде жоқ. Жүр, дойбы ойнайық, – деді. Өзегімді нұрлы сезім жарып өтіп, қолтығыма қанат біткендей болды, қашаға пәрменіммен секіріп шықтым да, ар жағына топ ете түстім. Сол кезде шынжырын сылдыратып, қара төбет те арсылдап, тұра ұмтылды. Иттен қорыққансып, Жанардың білегінен қысып ұстап, жабыса түстім. Ит есік алдына жете алмастай етіп байланған екен. Екеуіміз иық түйістіре жүгірген бойда үйге кіріп кеттік. – Сен дойбыны жақсы ойнаймысың? – деп сұрады Жанар. – Жоқ, онша емес, – деп, сыпайы жауап қайтардым. Ал шындығында, өзім теңдес балалардың көбін ұтушы едім. Жанардың бетпе-бет отырған сүйкімді жүзіне, иығына төгіліп көмірдей қап-қара әсем қолаң шашына алаң-елең қарап, толқып отырып, бірінші ойында қалай ұтқызып алғанымды байқамай қалдым. Ол маған үш бұзау айдатты. Бірақ Жанардың мәз болған кейпіне қарап бұл ұтылғаныма өзім іштей қуандым да. Екінші ойынды әлгіндей емес, сағырақ ойнауға тырыстым. Үнемі қыздан жеңіліс таба беруге болмайды ғой. Бірақ үш-төрт жүрістен кейін Жанар менің үш пешкамды бірден қырып салғаны. – Әллуі! – деп, жағымды шапалақпен бір салып, отырдым да қалдым. Берекесі бір ұшқан ойынның мәні бола ма. Лезде тағы ұтылып қалдым. Бұл жолы топырлатып, алты-жеті бұзау айдатты. – Байыдың, байыдың! – деп, Жанар онан әрмен мәз бола түсті. Енді менің намысым келе бастады. – Қазір ұтамын, – дедім сенімді үнмен. – Ұтпасаң не боласың? – Не бол десең, со болайын. – Дүние жүзіндегі барып тұрған мақтаншақтың өзі боламысың? – Жарайды. Үшінші ойын шиеленісіп басталды. Әу
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)