Guldana Usenovahas quoted8 years ago
Освальд Шпенглер (Spengler) (29 мамыр 1880, Бланкенбург, Гарц – мамыр 1936, Мюнхен) - немістің философы және тарихшысы, қазіргі заманғы мәдениет философиясының негізін қалаушыларының бірі; XX ғасыр философиясы бағыттарының бірі өмір философиясының өкілі. Ол жаратылыстану ғылымдарын және математиканы Мюнхенде, Берлин мен Галледе оқыды. 1908- 1911 жылдары Гамбургте гимназия оқытушысы болды. Ал 1911 жылдан өмірінің соңына дейін Мюнхенде тұрды. Оның шығармашылығына түрлі дәрежеде А. Шопенгауэрдің, А. Бергсонның, И. В. Гётенің идеялары, сондай-ақ В. Беррингердің эстетикалық ілімі эсер етті. Шпенглер өзін Ф. Ницше мен И. В. Гётеге «бәрі үшін қарыздармын» деп есептеді. О. Шпенглердің кейінгі жұмыстары мыналар: «Европаның құрдымы. Дүниежүзінің тарихи морфологиясының очерктері. Т. 1. Образ және шындық» (1918), Европаның құрдымы. Дүниежүзінің тарихы морфологиясының очерктері. Т. 2. Дүниежүзілік тарихи перспективалар» (1922), «Пруссандық социализм» (1920), «Пессимизм осы ма?» (1921), «Адам және техника (1931),
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)