Нұрсәуле Зарықханhas quoted8 years ago
ылдыр, шылдыр-шылдыр ызың қағып, теріскей желдің лебінен баяу ғана тербеледі. Шеңгел бұтағына ілінген жұп-жұқа қабық Жылан жылының жалмауыз жалауындай желбірейді. Бәлкім, Рысқұл да мына Ойық жеріне қабығын ғана қалдырып, өзі сол арман тауы – Ақсу-Жабағылысына кеткен шығар.
Тұрар төмпешік жербесікке телміріп тұрып, әкесінің бет-кейпін, түр-тұлғасын көз алдына келтірмек болды. Бейне көмескілене бастаған екен. Бұлдырай береді. Соңғы рет Сібірге кетерде екі қолы артына қайырылулы, жантайып жатып, мойнын соза, үздіге қарағаны көз алдында анық қалыпты.
Әсіресе Тұрардың есінен кетпес елес – Рысқұлдың Қызыл Жебеге мініп, көкпар тартқаны ғой. Сол сәтті көргені қандай оңды болған. Әкесінің бүкіл қиқар өмірі жиналып, сол бір жұлдызды сәтке татымайтын сияқты. Бүкіл ғұмырының шарықтаған шыңы – сол Қызыл Жебеге тақымы тиген кез. Адамның найзағайды ерттеп мінген бір сәті. Әттең, сол сурет өнер тіліне көшер ме еді! Тұрар суретші болмағанына өкінді. Уақыт мейірімсіз. Көңілдегі көне суретін бірте-бірте көмескілендіре беретін сияқты.
Енді, міне, найзағайды жалынан ұстап мінген адам мына төмпешік дегенге нанғысы да келмейтін сияқты.
Тұрар өз ойын өзі бөліп:
– Қабылбек, сен Ақсу-Жабағылыда болған жоқсың, ә? – деді жолдасына бұрылып.
– Жоқ, бірақ естуім бар.
– Осыдан Ташкентке барған соң, Түркістан үкіметінің алдына мәселе қоймақшымын. Оны мемлекеттік қорыққа айналдырып, қамқорлыққа алу керек.
Дәуіт шалдың кішкентай көзі ақшаң ете қалды.
– Әй, жиеншар, шырағым Тұрар, қамқорлыққа алар болсаң, Таластың халқын ал. Бұ да бір елің. Түп нағашың.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)