b9398842471has quoted5 years ago
Осы жалшылқтың үстінде, Әбілхайырға болашақ бақытының жұлдызы көрінгендей болып, бай Хомулоның Николай есімді учитель баласы, жалшы қара баланы жақсы көреді де, қолы тиген шақта орысша сабақ үйретеді. Қарындашпен сурет салуға баулиды. Ересек және зерек бала, жұмыс арасында оқып жүріп, екі жылда орыстың бастауыш төрт класының білімін алады. 1914 жылы Николай Хомуло Әбілхайырды, сол маңайдағы ең үлкен станица — Шортанға (Щучье) апарады да, «Ортадан жоғары» аталатын орыс школының бесінші класына орналастырады. Келер жылы қызметі Омбыға ауысқан Хомуло Әбілхайырды бірге алып кетіп, «Қалалық» аталатын школдың алтыншы класына түсіреді.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)