Жанка Манатовнаhas quoted5 years ago
ашып тұрып. – Әлде қызметте жағдайсыз нәрселер болып жүр ме?

– Жоқ, – деді Рысқұлов Наташаны бетінен сүйіп. Наташа да осы ықыласқа орай күйеуімен жұмыстан соң кездесіп, есік ашқан сайын, жарының ерніне аппақ бетін тосатын. Рысқұлов осы үлбіреген, нұрланып тұратын бетті тұңғыш рет сүйердей ынтыға, құшырлана өбетін.

– Жоқ, Наташа, қызметте бәрі жақсы. Тек ойымнан Артур шықпай қойды. Бейшара бала шыннан өліп қалды ма? Әйтпесе бір хабары шығатын уақыт болды ғой.

Наташа көзін мұң шалып барып, күрсініп салды.

– Бауыр деген сол, Тұрар. Ал менің халімді түсінбейсің, түсінгің келмейді. Кішкентай Артур саған қандай қымбат болса, Аркаша да маған сондай ғой. Жаның ашып қолыңның ұшын бермедің ғой.

– Артур мен Аркашаны салыстырғаның бекер-ақ. Егер Аркашаның орнында Артур болса, оны трибунал соттауын мен өзім талап етер едім, – деп Рысқұлов Наташаны шашынан
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)