ШЫҢДАҒЫ ЖАЗУ
О, ТУҒАН ЕЛ
Шоқ гүлің боп шайқалармын төсінде,
Қалармын мен әнің болып есінде.
Сені сүйген жүрегімді кірлетсем,
О, туған ел, кешірме!
Арманым не, керегіңе жарасам,
Арманым не, жылы ұшырап қарасаң.
Арманым не, менің қолаң шашымды,
Самалыңмен желпін тұрып тарасаң.
Қарызыңды қалай ғана атқарам,
Тебіреніп тереңіңді атқарам.
Білмегенім бұл өмірде көп әлі,
Ар алдында қалай ғана мақтанам.
Шоқ гүлің боп жайқалармын төсіңде,
Қалармын мен әнің болып есіңде.
Сені сүйген жүрегімді кірлетсем,
О, туған ел, кешірме!
Марфуға Айтқожина
Өлеңдер мен толғаулар. ІІ
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды