Жасмин Баржаксинаhas quoted7 years ago
әңгіме
Шешемнің замандасы еді. Біздің үйдің қыр жағында тұрады. Ақарлы-шақарлы, бала-шағасы көп адам. Ерінен ерте айрылған. Соғысқа кетіп, содан хабар-ошарсыз жым-жырт жоғалған. Тастай батып, судай сіңіп кеткен. Әйтеуір, ұлдары ересек, үлкені үйленген, одан үш-төрт немересі және бар. Ертеден қара кешке дейін есік көзінде басқышта, тұлақтың үстінде ұршық иіріп отыратын Күлпәштің екі көзі біздің үйдің түтінінде.
Табиғатынан қыдырмашы адам болған соң, көрші-қолаң оны жақтыра қоймайтын. Бірақ сумақайлығы, ауыл үйді бір-біріне айдап салар айтақшыл өсек-аяңы жоқ әйел. Тек біреудің үйінде жаңалық болса естімей, алыстан ағайындары келіп жатса, барып есендеспей отыра алмас еді. Жіп иіретін ұршық — Күлпәштің жан жолдасы, түнде басына жастап ұйықтайды екен. Қашан көрсеңіз де, шынтағын шошайтып, созақтата жіп иіріп шаншылып отырғанын көресің.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)